Салтанат Бақаева күйеуінің өзіне қалай ұсыныс жасағанын айтып берді

Дүйсенбі, 24 Шілде , 2017 12:55

Салтанат Бақаева жолдасымен қалай танысқанын есіне алды. Алғашқы кездесу кезінде өзінің қатты қобалжығанын жасырмады. Мұнымен қатар, тойлары болған күні қандай қызықтарды басынан кешкенін айтып берді.

19623318_1583359948350098_1947907603065470976_n

Сурет: Салтанат Бақаеваның жеке парақшасынан

Бұл туралы “Махаббат дастаны” бағдарламасында айтылды.

“Нұржан маған таныса салысымен хабарласқан жоқ. Тек бір айдан кейін ғана мені кездесуге шақырды. Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында, 30 желтоқсан күні. Сол кезде “Неге сонша асығасыз? Жаңа жылдан кейін кездесек қалай? Қазір қарбалас жұмыстар болып жатыр” деп таңқалған болатынмын. Бірақ, менің бұл әңгімеме құлақ аспады. Соған қарағанда Нұржан үйленуге асықты ғой деймін. Осылайша Алматының мейрамханаларының біріне барып шай ішіп, жақсылап әңгімелестік. Кездесуге барарда аздап қобалжығаным бар. Көлігімнің жарығын өшіруді ұмытып, қолымдағы апельсиндерді түсіріп алып дегендей. Шынымды айтсам, қатты қобалжыған жоқпын, өзі сондай бір ситуациялар болады екен. Кинодағы осындай сәттер, расымен де, өмірден алынады екен”, – дейді ол.

Бұл кездесуден соң қос ғашық бір-біріне жақындай түседі. Кейін достықтары ұлы сезімге ұласады. Бұған көз жеткізген Нұржан дереу үйленугі ұсыныс жасайды.

“Негізі жолдасым басқа жерде ұсыныс жасағысы келген. Бірақ, жұрт арасында “қылтима” аталған жер қатты өзгеріп, орнына үйлер салынып кетіпті. Жолдасым сол сәтте қатты ыңғайыссызданып, мені басқа жерге алып барды. Екеуіміз аспанға кішігірім парашют ұшырып, мен соған тамсанып қарап тұрған болатынмын. Ал жолдасым тізе бүгіп, маған ұсыныс жасап жатыр екен. Мен қатты таңқалып, не дерімді білмей қалдым. “Келісесің бе?” деген кезде “білмеймін” деп біртүрлі қызық күй кешкен болатынмын. Әрине, мен келістім. Өйткені, шын мәнінде, ерекше ұсыныс жасады”, – дейді әнші.

Той кезінде түрлі қызық орын алған екен. Салтанат Бақаева дәл сол күні көңіл күйінің сан құбылып, болашақ жарымен бірнеше рет ұрысып алғанын айтады. Тіпті, макияжы мен шаш үлгісін бірнеше рет қайта жасауға тура келіпті.

“Тойымыз өте қызықты өтті. Бірақ, оның да бір қиындықтары болды. Келіскен асабамыз тойға бірнеше күн қалғанда тойды жүргізуден бас тартты. Содан Нұрлан Әлімжанов ағамызды ауырып жатқан жерінен ауруханадан шығарып алдық. Тойымыз жаңа айтқан Достық көшесіндегі мейрамханада болды. Мен қатты қобалжып жылап алған да болатынмын. Сол күні қуандым да, күлдім де, жыладым да. Нұржанға ренжіген сәттерім де болды. Бетімдегі бояуым мен шашым, қолымдағы гүлім дұрыс болмай ұрысып алдық. Десе де, мұның барлығы толқудың әсерінен болды деп ойлаймын. Кез келген қыз тойының жоғары деңгейде өткенін қалайды”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Өліммен арпалысқан ғашықтарды клипке түсірген Ернар Айдар жұртты жылатты (видео)

Абай Бегей марқұм келіншегін сағынғанын айтып жұрттың жүрегін ауыртты

Оққағар, люкс: бөлме, ұшақ, көлік: Қайратты шетелге шақыртушыларға қойылатын негізгі талаптар белгілі болды

Ақбота Сейітмағамбет: Дәуреннің отбасы барын басынан білдім

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар