Абай Бегей марқұм келіншегін сағынғанын айтып жұрттың жүрегін ауыртты

Дүйсенбі, 24 Шілде , 2017 12:11

Әншінің жұбайы 2015 жылдың 8 шілде күні демікпе ауруынан көз жұмған болатын. Қайғылы хабарды естіген әнші қажылыққа бара жатқан жерінен үйіне қайта оралды. Арада бірнеше жыл өтсе де, Абай Бегей келіншегін сағынғанын айтып, тыңдармандарының жүрегін ауыртты.

Screenshot_2015-07-09-14-52-14

Сурет: Comode.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Дүниедегі ең қиыны сағыныш. Ешқашан көрмейтін адамды… Ешқашан саған келмейтін адамды… Оның орнын ешқашан, ешкім баса алмайтын адамды сағынуың”, – деп жазады әнші жіледігі парақшасына.

Осы уақытқа дейін Абай Бегей Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында әйелдерін тастап, жас қыздарға үйленетін құрдастарына қарап жүрегінің ауыратынын айтқан болатын. Тіпті, оларға әйелдерін тірі кездерінде бағалауға ақыл айтқан-ды.

“Енді өзімнің басымнан өткен жағдайды айтып берейін. Мысалы, мен ерте жастан үйлендім, 19 жаста болдым. Келіншегім 17 жаста еді. Біраз жыл бірге тұрдық. Мысалға мен әйелімнің қадірін білмедім. Қайтыс болғаннан кейін әйелімнің қадірін біле бастадым. Сол себепті үш баласын тастап кетіп жатыр деген екінші әйел алып жатыр дегенді естігенде мен кәдімгідей жүрегім ауырады”, – дейді ол.

Әншінің жоғарыдағы жазбасынан кейін желі қолданушыларының да көңілдері босап қалған екен. “Аман болыңыз! Қыздарыңыздың, өзіңіздің өмір жастарыңыз ұзақ болсын. Алла тағала әр пендеге көтере алатын сынақ береді. Өсіп жатқан қос балапандарыңыз үшін мықты және жігерлі болуыңыз керек. Сабырлы болыңыз”, “Алла өзіңе қуат берсін! Осындай орны толмас жанды – жұбайыңызды ойламау, сағынбау мүмкін емес. Бірақ, жаратқан өзіңізге жәрдем етіп, сабыр берсін. Алла ұл-қызыңыздың амандығын, бақытын көрсетсін” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Маржан Арапбаева: Әйел адамға артист болу оңай емес

Тыңдармандары аула сыпырушысымен құшақтасып суретке түскен Ернар Айдарға риза болды

Салтанат Бақаева күйеуінің қатал мінезіне бола жылаған күндерін еске алды

Дәурен Айдарқұлов келіншегімен бірге енді телехикаяға түспек

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар