Оққағар, люкс: бөлме, ұшақ, көлік: Қайратты шетелге шақыртушыларға қойылатын негізгі талаптар белгілі болды

Дүйсенбі, 24 Шілде , 2017 11:56

Еліміздегі той жұлдыздарының көшін бастап тұрған Қайрат Нұртас енді Еуропа тойларын бағындыруға беттеген секілді. Күні кеше əншінің анасы əрі продюсері Қайраттың Италияға аттанғалы жатқанын айтып мақтанды.

нұртас

Ал Қайраттың өзі əлеуметтік желідегі парақшасында Италияның Писа қаласында, жағажайда демалып жатқан суреттерін жүктеп үлгерді. Бұл жағымды жаңалықтың мəн-жайын білмек болып, Stan.kz тілшісі əншінің директорынан сұхбат алды.

Қайратты арнайы Италияға алдыртқан сонда тұратын қандастарымыз болып шықты. Бұл жолғы той – туған күн мерекесі. Қайраттың директорының айтуынша, бұл әншіні алыс шетелге алған  алғашқы шақыруы емес. Сондықтан Италиядан қоңырау шалып, қолқа салғанда, аса таң қалмағандарын айтады.

“Бұған дейін Қайратты Францияға тойға шақырған. Бірақ аталған күн бос болмағандықтан, бас тартуға тура келді”, – дейді Қайраттың директоры.

Сонымен қатар, жұлдызы асқақтап тұрған əншіні Еуропаға шақырту құны Қазақстан қалаларындағы тойлардан əлдеқайда жоғары екенін айтты.  Мұнысы түсінікті де. Бұл жолғы тапсырыс берушілер əншіге тойда əннен шашу шашып қана қоймай, қымбат қонақ үйлердің бірінде 4 күн демалуды өздері ұсыныпты.

Оған қоса, Қайраттың бұл жолғы райдері де бөлек. Бизнес-класс, оққағарлар, люкс көлік, арнайы гид, оған қоса, шаш-бауын көтеріп жүретін тобы да бар. Алыс сапарға  жалғыз аттанғандықтан, соңғылары əншіні арнайы келіп алып кетсе керек.

Сонымен, той шілденің 27-не белгіленген екен. Ал əзірге Қайрат Италия аспанының астында демалуда.

Осы орайда, Қайрат Нұртастың тойларға шығатын негізгі райдерін атап кеткен орынды. Қайратты жеке мерекеңізге шақырғыңыз келсе: өзіне ұшақтан бизнес-класс, ал көмекшісіне – эконом құнын төлеу керек. Орналасатын қонақ үйінің жұлдызы бестен кем емес, бөлмесі мен тосып алатын көлік тек  люкс болуы шарт. Одан қалса Қайрат Нұртасты жұрттың шабуылдауы мен мазасын алуынан қорғайтын оққағарлар қасында жүруі міндетті.

Оқи отырыңыз:

Көпшілік Астанада 6 баласын жалғыз асырап жүрген әкеге үй салып, ішін жиһазға толтырып берді (фото,видео)

Ақбота: Дəуренді алғашқы отбасына өзім жібердім

Кітабының тұсауын кескен Баян Мақсатқызы шымкенттіктерді шулатты (фото, видео)

Салтанат Бақаева алғаш рет туған бауырлары мен анасының суретін көрсетті (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Anonymous says:

    Өте орынды деп ойлаймын . Əншілеріміз өздерін шет елдерге осылай бағалата білуі керек.

  • Anonymous says:

    Дурыс Кайраттыкы, шет елден келген әншілерді быздын жактада аягын жерге тигізбей карсы аладыгой, быздын Кайратымыздын олардан кай жеры кем. Барсын, шашсын, Казакстаннан келген жерлестерын, сүйікті аншылерын Италия казактары бир шашылып карсы алса кедейленып калмас.

  • Anonymous says:

    Атаннын басы кутырган екенсин

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар