Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кітабының тұсауын кескен Баян Мақсатқызы шымкенттіктерді шулатты (фото, видео)

Шымкент қаласының тұрғындары Баян Мақсатқызынан жеке қолтаңба алып, бірге суретке түсу мүмкіндігіне ие болды.

мап

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Баян Мақсатқызы ғұмырнамалық кітабын жарыққа шығарған болатын. Продюсер кітаптарын Меломан желісі арқылы таратып қана қоймай, әр қалаға барып жеке қолтаңба беруді жөн көрген екен. Осы орайда, ол өзін шымкенттіктердің ерекше ықыласпен қарсы алғандарына ризашылығын білдірді.

19986044_459616164394032_7644748359009304576_n

“Меніңше, Шымкенттің қонақжайлылығына ешбір қала тең келмейді. Жұмыс оңай болмады, бірақ нәтижесі жақты! Рахмет, Шымкент”, – дейді Баян Есентаева.

Продюсердің қолтаңбасын алуға бірнеше жүздеген адам келген. Олар Баян Мақсатқызына өздерінің сыйын ұсынып, бірге суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Желі қолданушылары өз кезектерінде продюсердің оқырмандарына қатысты түрлі пікір білдіріп жатты.

 

 

“Баянды жақтайтын қыз-келіншектердің барлығы сол сияқты күйеулерінің көзіне шөп салып жүр”, “Расымен де, сұлу әйел”, “Өсекті доғарыңдар! Отқа түсесіңдер”, “Барлығына қолтаңба таратып үлгердіңіз бе?”, “Ол кітап жазатындай халде емес. Кітап жазу оңай емес. Баян бұрыннан жазып жүрсе талантына сенер едім. Оған біреу жазып беріп отыр”, “Шымкентке келсе екен деп жүріп едік. Енді келгеніңізде кездесе алмай қалдық” деп жазады желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Салтанат Бақаева алғаш рет туған бауырлары мен анасының суретін көрсетті (фото)

Әлемдегі ең бай әртістердің тізімі жасалды (фото)

Нұртас Адамбай Қазақстаннан кеткісі келетіндер жайлы айтты

Нұрсұлтан Назарбаев махаббат туралы өсиет әңгіме айтып берді

Талқылау