Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев махаббат туралы өсиет әңгіме айтып берді

Шығыс Қазақстан облысының халқымен кездескен елбасы оларға аңыз әңгіме айтып берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170714IMG_8792

Фото: Виктор Абакумов

Шығыс халқымен кездесу кезінде бұл тақырып күтпеген жерден қозғалды.

«Сізді асыға күттік, қобалжып тұрғанымызды жасырмаймын, сізбен кездескенімізге өте қуаныштымыз», – деді Қазақстан-Америка еркін университетінің проректоры Марина Кикина.

Оған жауап ретінде елбасы: «Сирек жолыққан сайын, махаббатымыз сақтала түседі», – деп күлді. Мемлекет басшысы шығыс өңіріне жиі келетінін атап өткен соң, өсиет әңгіме айтып берді.

«Жас жұбайлар үйленген тойынан кейін көлдің жағасында тұруға келеді және қарама-қарсы жағалауда қоныстануды жөн көреді. Жас келіншек: «Елестетіп көрші, саябақта серуендеп жүріп, кездесіп қаламыз және сені бір шынаяқ шай ішуге шақыра аламын. Егер сен оны қаламасаң – өз еркің. Қайықта жүзіп келе жатып, қайығымыз түйісіп қалады және қонаққа бару үшін жағалаулардың біріне аялдаймыз. Осылайша, біз бір-бірімізге деген ынтызарлықты сақтай аламыз». Ері ойлана келе, бұл ұсынысқа келісім бермейді. Жылдар өтіп, махаббаттың ынтызарлығы бәсеңдеді. Өйткені ол таңдау жасағанда қателесті», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тағы да оқыңыз:

Нұртас Адамбай Қазақстаннан кеткісі келетіндер жайлы айтты

Қазақстанда азаматтарды уақытша тіркеу ережесіне өзгерістер енгізілді

Қазақстандықтар Конституция күні мен Құрбан айт мерекесіне орай қай күндері демалады

Қамауға алынған бизнесмен Тоқмәдидің келіншегі тағы бір мәлімдеме жасады

Талқылау