Қазақстанда азаматтарды уақытша тіркеу ережесіне өзгерістер енгізілді

Жұма, 14 Шілде , 2017 15:39

Полицейлер уақытша тіркеуге қатысты жаңа ережерлер жайлы айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

a604bd91-7e76-4853-8b45-7764db560ff3

Алматы қалалық ІІД көші-қон полициясының мәліметінше, 12 шілдеде тұрғындарды тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу ережесіне өзгеріс енгізілді.

Мигранттар «Халықты тіркеу және құжат рәсімдеу» пункі бойынша тұрғылықты жері және уақытша тұратын жері бойынша тіркеуден өту керек. Бұған дейін үш айдан астам тұратын болса тұрғын сол жерге өз өтінішімен тіркеуге тұратын еді.

«Егер азамат бір айдан аса уақыт тұратын болса немесе үйді жалға алса ол 10 жұмыс күні ішінде ішкі істер органына есепке тұру керек. Ол мұндай жағдайда тұрғылықты жерінен тіркеуден шықпайды. Егер азамат туысының үйіне 1 айға дейінгі уақыт аралығында болса, сол жерге тіркелудің кажеті жоқ», – дейді Алматы қаласы ІІД көші қон полиция басқармасының құжат рәсімдеу және халықты тіркеу бөлімінің басшысы Айкен Қасымова.

Оның айтуынша, жергілікті жері бойынша тіркелу уақытша тіркеу болып саналады. Оның мерзімі 1 айдан 1 жылға дейін. Ал мигранттардың іс-сапар, оқу, іс тәжірибе үшін айғақтайтын қағазы керек. Ол 4 жылға дейін жарамды. Вахталық жұмыс істейтіндер мен емделушілер, денсаулығы сыр берген жандар, 16 жасқа толмағандар жергілікті жері бойынша уақытша тіркелуге міндетті емес.

Азаматтар қаланың кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына бара алады. Анкеталық мәліметтерін өзгерткендер мен 16 жасқа толмағандар тұрғылықты мекен-жайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінеді.

Тағы да оқыңыз:

Шымкенттегі аурухананы тарақан басқаны соншалық тоңазытқыштың ішінде өріп жүр (видео)

Қазақстандықтар Конституция күні мен Құрбан айт мерекесіне орай қай күндері демалады

Қамауға алынған бизнесмен Тоқмәдидің келіншегі тағы бір мәлімдеме жасады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар