Салмағы 100 келілік қабан зейнеткерді өлтіріп, оның келініне шабуыл жасады (видео)

Жантүршігерлік оқиға 31 қаңтарда Қытайдың  Шэньси орталық провинциясында болды. Бірақ видео желіге енді жарияланып отыр.

Бұл туралы  Stan.kz  хабарлайды.

Зейнеткер көмір жинау үшін сарайға барған кезде, оған қабан шабуыл жасаған. Егде жастағы адам жабайы аңнан қорғану үшін, оны қолындағы күтегімен ұрған.

Алайда, қабан ер адамға шабуыл жасап, бірнеше минуттан соң зейнеткерге қарсы қатты соққы берген. Жарақат салдарынан егде адам оқиға орнында жан тапсырды. EtToday.com-ның  хабарлауынша, көз жұмған зейнеткердің келіні де жабайы аңды тоқтатуға тырысқан. Бірақ, қабан жас қызға шабуыл жасап, оны жарақаттаған.

Видеода оқиғаның  куәгерлері үйлерінде жасырынып отырғаны, сондай-ақ  көшеде қозғалыссыз жатқан екі адамның денесі көрсетілген. Қабан сол уақытты адамдар жасырып отырған үйдің есігін бұзуға тырысуда.

Көп ұзамай оқиға орнына қытай полициясы келіп, салмағы 100 келі болатын қабанды атып өлтірді.

Жараланған әйел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер науқастың жағдайы бірқалыпты екенін мәлімдеді. Алайда, шабуылдан қатты зақым алған зейнеткерді құтқару мүмкін болмады.

Жіберіп алмаңыз:

Ашуланған мұғалім оқушының шашын кесіп тастады 

Том Харди бәстен жеңіліп, Ди Каприоның есімін денесіне жаздырып алды 

Сирияда құлатылған ресейлік ұшақтың пилоты ақтық демі қалғанша берілмеген 

Ресейдің экс-перзиденті Шымбұлақта түскен суретін жариялады 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
27.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар