Том Харди бәстен жеңіліп, Ди Каприоның есімін денесіне жаздырып алды

Том Харди  осыдан екі жыл  бұрын Леонардо Ди Каприомен «Выживший» фильмі үшін бәстескен. Жеңіліп қалған ол шартты орындап, денесіне Ди Каприоның атын жаздырып алған.

Бұл туралы The Daily Mirror басылымына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Актер бәстен жеңілгені туралы Esquire басылымына берген сұхбатында айтты. Том Харди Леонардо Ди Каприоға «Выживший» фильміндегі рөлі үшін «Оскар» сыйлығын алмайтынын айтқан. Ал, Ди Каприо сыйлықты алатынына сенімді болып, екеуі бәстескен. Шарт бойынша, жеңілген адам қарсыласының суретін өзіне татуировка етіп жасауы керек.

Нәтижесінде Ди Каприоның жүлде мен армандаған мүсініне қол жеткізгенін білесіздер. Леонардо бірден Хардиге «Leo knows all» «Лео бәрін біледі» деген сөзді жазуын талап етті. Алайда Харди татуировка жасауға асықпады.

«Лео бұл сөйлемді өз қолымен қалай болса солай жаза салған. Содан мен оған « Жақсы, мен татуды жасаймын, бірақ бұдан да жақсы қылып жазамын », – деп жауап берді Харди.

Том Харди бәстің шарттарын орындағаны туралы мәлімдеме жасаған жоқ.

Алайда, жұлдыздың жанкүйерлері Хардидің  Instagram парақшасында салған суретін көрген. Актердің білекшесінде «Leo knows all» («Лео бәрін біледі») деп жазылған татуировкасы бар.

Том Харди Оскардың «Үздік көмекші актер» аталымын ұтып алды.

Жіберіп алмаңыз:

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
26.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар