Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ашуланған мұғалім оқушының шашын кесіп тастады

Ростов облысы Волгодонск қаласындағы № 16 лицейде мұғалім оқушының шашын кесіп тастады.

Бұл туралы Риа-Новостиге сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Мектеп директоры Людмила Лушникованың айтуынша, мұғалім сабақ кезінде оқушының шашын кесіп тастап, артынша жұмыстан шығу туралы арыз жазған.

Ростовтағы 161.ru баспасының редакциясына айел адам келді. Оның қызы Волгодонск қаласындағы № 16 лицейде білім алады екен. Қызының айтуынша, математика пәнінің мұғалімі оқушы қыздың шашын кесіп тастаған. Кейіннен оқушы мектепке шашын жіберіп келгендіктен, мұғалімнің ашуланып кескені белгілі болды. Қыздың анасы облыстық білім министрлігіне электрондық хат жібергенін және прокуратураға ұжымдық хат дайындағанын айтты.

Лицейде балалар сабақ кезінде шаштарын жинап отыру керек деген негізсіз ереже бар. Осы негізде мұғалім мен оқушы арасындағы кикілжің туған. Мұғалім ашуға салынып, оқушының «шашын» кесіп тастаған. Оқытушы сол күні өз еркімен жұмыстан кету туралы мәлімдеме жасады.

«Егер оқытушы өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазса, мен бұған қалай қарсы боламын»,- деді мектеп директоры.

Білім және ғылым министрлігі лицейде туындаған жағдай туралы хабардар екендігінін мәлімдеді. Осы факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбелік шенеуніктер мен кәсіпкерлер жетім балаларды қамқорлыққа алды 

Арыс өзеніне ағып кеткен баланың мәйіті 6 күннен бері іздестіріліп жатыр 

Оралда ерікті студенттер зейнеткердің үйін жөндеп берді  

Мына суреттен үш сәбейдің бейнесін таба аласыз ба? 

 

Талқылау