Оралда ерікті студенттер зейнеткердің үйін жөндеп берді 

Оралда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан университетінің ерікті студенттері зейнеткердің үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді. Жалғыз тұратын зейнеткер жергілікті телеарна арқылы көмекке мұқтаж екенін айтып, хабарласқан. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Самойлова Людмила Григорьевна маған «Күншуақ» бағдарламасындағы (жергілікті телебағдарлама) волонтер жұмысына қатысты сұхбатымды көріп хабарласты. Зейнеткер жалғыз тұрады екен және үйін жөндеу үшін көмекке мұқтаж екенін айтты. Людмила Григорьевна риза болды және біз де ризамыз. Демалысымыз босқа өтпеді», – деп жазды еріктілердің көшбасшысы Мөлдір Сапар желідегі парақшасында.

Людмила Григорьевна «Күншуақ» бағдарламасына хабарласқан.

«Студенттер бағдарламаға қатысып, ерікті ретіндегі өз қызметтері туралы айтып берді. Людмила Григорьевна бағдарламаны көріп, бізден көмек сұрады. Осылайша әжей маған қоңырау шалып, өздігінен жөндеу жұмыстарын жүргізе алмайтынын айтты. Зейнеткердің өтініші мен байланыс телефонын еріктілердің көшбасшысына бердім, олар өтінішті қабылдап, әжейге көмектесті. Қаламызда осындай мейірбан жастардың бар екені қуантады», – дейді бағдарлама жүргізушісі Лаура Бекболатова.

Оралда еріктілер қызметі күннен-күнге дамып келеді. Мысалы, қаладағы «ГАЗель» жүргізушісі мен кондуктор жұма сайын жолаушыларды тегін тасып жүр. Өткен аптада бұл акцияға тағы бір кәсіпкер – Руслан Серғазиев те қосылды. Ол жұма күні орталықтардың септигін тегін тазартып берген.

Тағы оқыңыз:

Мына суреттен үш сәбейдің бейнесін таба аласыз ба?

Алматылық жігіт әйел кейпінде сұлулық байқауының финалынан өткен соң жігіт екенін мойындады (фото)

Қазақ журналисі: Имамдар бүкіл дәстүрімізді жоқ қылатын түрі бар

Павлодар облысында студент желіде тікелей эфирге шыққан қыз үшін көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар