Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ерлі-зайыпты жұмыс туралы хабарландыру таратқаны үшін 4 жылқа сотталмақ

Өскеменде ерлі-зайыпты қаладағы аудандардың бірінде есірткі сайттарын жарнамалайтын парақшалар іліп жүрген жерінен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: polisia.kz

Заттай айғақ ретінде 41 жастағы ер адам мен 28 жастағы әйелден есірткіні жарнамалайтын парақшалар алынды.

Күдіктілердің айтуынша, бұл парақшаларда тыйым салынған дәрі-дәрмектерді сататын интернет-дүкендер туралы ақпарат жазылғанын білмеген. Әйел адам бұл “тапсырманы” жұмыс берушіден алған, ол оған брошюраларды қала бойынша жапсыру керегін айтқан. Еңбек жағдайымен келіскен ол күйеуін өзімен бірге жұмыс істеуге шақырған.


  • Ақтауда қаскөйлер ерекше қажеттігі бар жандарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген

Ерлі-зайыпты таратқан жарнама парақшасында “Салымсыз жұмыс” деп жазылған екен.

Қазір күдіктілерге қатысты есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын тұтынуға көндіргені үшін қылмыстық іс қозғалды. Ерлі-зайыпты тұрғындар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұған дейін Алматыда 10 жасар баланы зорламақ болған ер адам ұсталған еді.

Талқылау