Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Айналып қашыңдар": Айжұлдыз Адайбекова су жаңа көлігін көрсетті

Танымал актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова қымбат көлік сатып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Блогердің айтуынша, осымен екінші мәрте су жаңа көлікке ие болып тұр. 

“2020 жылы анам Toyota Rav4 маркалы көлік сыйлаған. Бірақ оны жүргізбедім. Жаңа темір тұлпарым. Енді жүргізіп үйрену керек. Жолда мені көрсеңдер өтініш, айналып қашыңдар. Өздеріңнің сақтықтарың үшін", – деп жазды Айжұлдыз Адайбекова. 



Желідегілер актрисаның жетістігі үшін қуанып, оған жылы лебізін білдірген.

“Құтты болсын! Жарайсың, бәрі таза еңбектің арқасы", "Айжұлдыз, мықтысың! Ешкімнің көмегінсіз көлік алу әркімнің қолынан келе бермейді", "Темір тұлпарың тек жақсы жерлерге апарсын", Бәрімізге жұғысты болсын", – деп жазып жатыр блогердің оқырмандары.  

Еске салайық, Айжұлдыз Алматыдағы демалыс орталықтарының бірінде сүйіктісімен демалып жатқанын жазған едік. 

“Мұның бәрі Құдайдың қалауымен болып жатыр. Адам бақыт пен жақсылыққа ұмтылуы керек. Жаның тыныш болсын! Менің миссиям – жақсы өмірге ұмтылып, бақытты болу. Біреу үшін емес, өзім үшін. Сен – Құдайдың аманатысың. Ал қалған материалдық дүние ойың реттелгенде келе береді”, – деп жазды Айжұлдыз. ‘

 

Талқылау