Сахнаға қайта оралған Зарина Омарова өзін жатырқаған әріптестеріне ренжулі

Сейсенбі, 20 Маусым , 2017 14:36

«Көзден кетсе, көңілден де кетеді…» Шоу-бизнес өкілдері шығармашылықты тастап, көк жәшіктен көрінбесе өз ортасынан алшақтайтыны ақиқат екен. Бұл сөзді Зарина Омарова растады. Он жыл уақытын жанұясына арнаған әнші бүгінде өнердегі әріптестерінсіз өгейдің күйін кешіп жүрсе керек.

18722334_349409418807001_1366480403984023552_n

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасы хабарлайды.

Иә, бастапқыда бәрі тамаша еді! Құшақ-құшақ гүл, ет-жақындарының ақ тілегі! Алайда, қуаныш иесінің қонақтарға жайылған ақ дастарханында өнердегі бірде-бір әріптесі бой көрсетпеді.

Соңғы он жылын бала тәрбиесіне арнаған Зарина, шығармашылықты қайта бастаудың оңайға соқпағанын жасырмайды. Әнші сахнаға оралғанда оны санаулы ғана құрбылары құшақ жая қарсы алған…

«Мәдина, Дильназ… Адам өзгереді ғой енді жыл өте, басқа өте. Әрине қиын, оңай емес! Негізі қайтадан сахнаға шығу оңай емес. Енді оның бәріне адамның өзінің күш-қуаты керек», – дейді Зарина.

Зарина шоу-бизнес көшіне ілесу қажеттігін жақсы ұғады. Өнер бәйгесінде өгейдің күйін кешкен әнші, өзін жатырқай бастаған әріптестерін түсіне алмауда!

«Енді қазіргі уақытта ешкім еш нәрсені көрсете бермейді негізі. Не болса да адамның ішінде ғой бәрі. Бірақ, енді бәрі күліп, сөйтіп қарайды. Мен өзімде білмеймін, қалай мен өз-өзімді ұстайтынымды. Олардың орнында болғанымда», – дейді әнші.

Әріптестеріне деген өкпе-назы болса да, Заринаның бұл кешті көңілсіз өткізуге хақысы жоқ! Өйткені, дәл осы күні бұл отбасылық одаққа 10 жыл толды.

«Он жыл бұрын бір летний площадка десек те болады. Кездейсоқ бір танысу болды. Мен ойлаған жоқпын, ол ойлаған жоқ! Бірақ, сол танысу осындай бір жақсылыққа алып келді», – дейді Зарина Омарова.

Жіберіп алмаңыз:

Жан Ахмадиев: BALA-ның «Қазақстанда әдемі қыздар жоқ» деп айтқаны рас. Дәлелдей аламын

Ұлдарына еден жуғызған Қыдырәлі Болманов желідегілерді таңғалдырды (видео)

Бибігүл Төлегенова: Қазақ жігіттері байыса, 4-5 бала туған әйелін керек қылмайды

Атам имам болған деп жар салған Луина Рамазан айында жалаңаштанып, жұртты ашуландырды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар