Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев: Димаштың әлем әншісі болатынын білгенде, сэлфиді өзім-ақ жасар едім

Сәкен Майғазиев желідегілермен ескі суретін бөлісіп әзілдесті.

18382476_860714660734095_3927431070282153984_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сәкен Майғазиев кезекті әзіл аралас жазбасын бөлісіп жұртты күлдірді. «Әттең, Үбән әкім болатынын білмей қалдым…» деп Жүсіп ағамыз айтпақшы, Димаштың әлем әншісі болатынын білгенде, сэлфиді өзім-ақ жасар едім ғой… (Қалжың)», – дейді әнші.

Желі қолданушылары әншінің бұл сөздерін шындыққа балады. «Астары бар жазба», «Сәкен, сіздің сөзіңіздің астарында не жатқаны түсінікті. Қалжың болса да, осыны тек сіз айта алатын сияқтысыз. Димаш әлі бала ғой. Оның қазір де дәл солай істейтініне сенімдімін. Сіздер секілді ағаларын сыйлайды. Ол – тәрбиелі бала», «Димаш қанша көтерілсе де, сіздердей ағаларының алдын кесіп өтпейтін адамгершілігі көрініп тұр ғой», «Өнер тарландары, сіздерге Алла бақытты да, баянды ғұмыр берсін!» деп жазады желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Жазира Байырбекова: Ұзатылатын қыздар менің жазылғанымды асыға күтіп жүр

Түркияда демалған Асхат Тарғын бал айының суреттерін көрсетті (фото, видео)

Қытай арнасы Димашты түсіну үшін 5 қазақ баласын жұмысқа алған

Мейрамбек Бесбаев еш жерде жарияланбаған отбасылық суреттерін көрсетті (фото)

Талқылау