Жазира Байырбекова: Ұзатылатын қыздар менің жазылғанымды асыға күтіп жүр

Жұма, 12 Мамыр , 2017 9:35

Жазира Байырбекова аяқ сынығының бітіп келе жатқанын айтып қуантты. Десе де, өзі балдақсыз жүруге қорқып жүр екен. Осы орайда әнші жұрттан ақыл-кеңес сұрады.

17333293_1693357324296791_9215047660090687488_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше апта бұрын Жазира Байырбекова баспалдақтан құлап, аяғын сындырып алған болатын. Бастапқыда дәрігерлерге гипс салдырған екен. Артынша сынықшы аяқты қайта сындырып жалғаған. Себебі, сүйек дұрыс бітпей қалған. Десе де, әнші балдақсыз жүруге қорқып жүрген-ді.

«20 шақты күн болды. 2-3-4-табан сүйегім сынған болатын. Сынықшы гипсті шешіп, қисық бітіп жатқан сүйекті қайта сындырып жалғады. Қозғап, емдеп енді «аяғыңды ақырын баса бер» дейді. Мен басуға қорқып тұрмын. Әлі ерте сияқты. Бірақ Қазақстанның әр өңірінде қаншама ұзатылатын қыздар жазылғанымды күтіп жүр. Дәл осындай диагноз кімде болды? Аяғым басқанда ауырса да, баса беруге бола ма? Айтыңыздаршы. Кім біледі?» – дейді Жазира Байырбекова.

Желі қолданушылары өз кезектерінде әншімен тәжірибелерін бөлісуге асықты. «Аяғыңыз басқанда ауырса, салмақ салмаңыз. Түйенің шуын байлаңыз. Сол ем болады. Қызымның аяғы шыққанда соны таңып отырдық», «Сынықшы оның қалай біткенін қайдан білсін! Көзі ашық адам емессіз бе?! Травмотолог маманға барыңыз. Ақшаны емес, өзіңді ойла. Сенсіз де тойлар өтеді», «Тез жазылып кетіңіз» деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Түркияда демалған Асхат Тарғын бал айының суреттерін көрсетті (фото, видео)

Қытай арнасы Димашты түсіну үшін 5 қазақ баласын жұмысқа алған

Мейрамбек Бесбаев еш жерде жарияланбаған отбасылық суреттерін көрсетті (фото)

Баян Есентаева үлкен қызының өздігінен ақша табатынын айтып мақтанды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар