Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев: Ажырасып та бақытты болуға болады дегенді көп әйелдер насихаттап жүр

Той иелері жеке өмірінде жолы болмаған немесе ажырасқан әншілерді тойларына шақырғысы келмейді. Көп жағдайда елге үлгі болып жүрген жұптарды қуанышынан көргісі келеді. Жазира Байырбекова бұл топтың екіншісі кіргенімен, өнерпаздарды жеке өміріне қарап алалайтын халыққа ренішті.

Сәкен Майғазиев: Ажырасып та бақытты болуға болады дегенді көп әйелдер насихаттап жүр

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның себебін әнші былай деп түсіндірді:

“Ажырасқан әншілерді шақырғым келмейді. Біздің қуанышымызға тек қана сіздер сияқты үлгілі отбасылар келсінші деп айтып жатқанда мен ренжіп қаламын. Өйткені адамның тағдырын бизнес жасауға болмайды ғой”, – дейді Жазира Байырбекова.

Ал Сәкен Майғазиев жалғызбастылықты насихаттап жүрген қыз-келіншектерге қарсы. Оның айтуынша, дәл сондай әйелдердің кесірінен қоғам бұзылып барады.

“Алла басқа салмасын, ешкім өзінің өміріне кепілдік бере алмайды. Ажырасудың көп белең алуының себебі – барлығымыздың жағдайымыз жақсы боп кетті. Менің ойым сол. Неге десеңіз, одан ажырасып кетсең, басқа біреумен бақытты болуға немесе ешкімге тұрмысқа шықпай-ақ бақытты ғұмыр кешуге болады деген дүниені көп әйелдеріміз, өкінішке қарай, насихаттап жүр. Соның зияны да тиіп жатыр деп ойлаймын”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау