Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ас үй мен дәретханасы жоқ тұрғын үйлер салынбайтын болды

Перуашевтің идеясы іске аспайтын болды. Үкімет депутаттың жастарға арнап жаппай жатақхана салу жөніндегі ұсынысын қабылдамай қойды. Өйткені, асхана мен әжетханасы ортақ баспаналардың кемшілігі көп дейді премьер-министр Бақытжан Сағынтаев, – деп хабарлайды КТК арнасы.

67fb47494f22692cbb33f206af9

Ең алдымен жатақханада тазалық сақталмайды және тұрғындар саны көп болғандықтан тыныштық бұзылады екен. Оның үстіне бұл бюджет үшін де артық шығын делінген премьердің жауабында.

Естеріңізге салсақ, мәжілісмен Азат Перуашев қалаларда үйсіз қаңғып жүрген ауыл жастарына асханасы мен әжетханасы ортақ бір бөлмелі жатақханалар салуды ұсынам деп дауға қалған болатын. Бірақ айтқанынан танбай отырған депутаттың ойынша, бұндай баспаналардың шаршы метрі аз. Сондықтан, ондай пәтерлерді сатып алу 40 пайызға арзанға түсетін көрінеді.


Жіберіп алмаңыз:

Елімізде еркектердің төсектегі қуатын арттыратын қоспаға тыйым салынды

Танымал арулардың көздің жауын алатын қазақы нақыштағы көйлектері (фото)

Қарақат: Өмірдегі ең бақытты сәтім – жарымның бақытты жүзін көру (видео)

Әбдірайымов әртістерді ақша жинап, Жаманқұловқа көмектесуге шақырды

Талқылау