Әбдірайымов әртістерді ақша жинап, Жаманқұловқа көмектесуге шақырды

Жұма, 19 Мамыр , 2017 9:53

«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов актер Тұңғышбай Жаманқұловты қолдауға шақырды. Әнші ақша жинап, оны Жаманқұловтың ақталып шығуына жұмсауды ұсынды.

жаманкулов баглан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Өнердегі ағасы үшін “шырылдаған” Бағлан бұл ойымен желідегі парақшасында бөлісті.

“Я, Алла! Ақты – ақ, қараны – қара, деп ажыратып берші! Адамдар неге пенде екенін ұмытып, түзу бола қалады? Кім қателеспей жатыр? Кім жемей жатыр? Өмір бойы өнерге шын қызмет етіп, жетпіске таяғанда (69 миллион) тағдырын талқан етпекші ме? Жазғыштарым-ай, жазыңдар енді…

Біреудің купальнигі мен табысын санап, бірінің байын, бірінің қатынын санап, белден төмен өсек жазып. Шынын жазыңдар! Ел ағасы жайлы жазыңдар, ақиқат іздеңдер, сенсация жасаңдар! Ашығын xалық білсін! Расында кінәлі болса, 69 миллион доллар емес қой, теңге. Өнерді бағалайтын қалталы азаматтар болса, көбірек шығарсын, қалғаны шамасына қарасын. Расында қарыз болса алсын. Теріс болса Қияметте есеп қыларсыздар.

Елдігің қайда, бірлігің қайда? Ағаның шәкірттері қайдасыздар? Ес білер жауапты біреуіңіз қолға алыңыз. Есепшот ашыңыз! Қарап қалмаңыздар! “Ақ жүніс” журналын немесе интернеттен тауып оқыңыздар. Тақырып түсінікті болу ушін. Елбасы мен әділ сотқа ғана үмітті, аға! Сот әділетсіз болса ше? Ақталуына ат салысып, 70 жылдық тойын атап өтейік! Алла сол күнді нәсіп етсін!” – деп жазды Бағлан.

Желідегілердің басым бөлігі әншінің пікірін қостап отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Асанәлі Әшімовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Танымал арулардың көздің жауын алатын қазақы нақыштағы көйлектері (фото)

Қайрат Нұртастың келіншегі өзі, отбасы жайлы бар шындықты айтып берді (фото)

Қарақат Әбілдинаны перзентханадан шығаруға жүздеген адам жиналды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Anonymous says:

    Ішіп жегенін кайта кұстыру керек.ол кімге жетім жесірге көмек беріп пе.

  • Anonymous says:

    Бағлан 69000000 жесең сені де мүмкін кешірерміз.69 мың жеген дер де түрмеде отыр.Жаманқұлов 90 шы жылдарда да ақша жеп қойып шулатқан.Ол кісі ақша көрсе өзін ұстай алмайды. Жеп қоя береді.Екінші әйелі де бүреудің некелі жары болған.Театрда директор болып тұрғанда жас келіншекті аіландырып алған.Оны қазаққа үлгі етудің қажеті жоқ.

  • Anonymous says:

    Жеген екен,кылмыс жасаган екен,мойынымен котерсын!Уят емеспе…осыдан кейн жер басып журудын озы кандай киын

  • Anonymous says:

    Ким адаспайды емес! Казир елдин бари солай! Ягни заман солай! Ким жымгыртып жаткан жок Казахстанды? Арине алдилер!!! Ал биз алсиздерди устап алуга шебермиз! Енбеги елге синип, абден жасы келгенде, тауыптыгой кимди табалаулы!!!
    Тунгышбай Жаманкулов Агамызды Абден Колдаймын!

  • Anonymous says:

    Рас болса ким жанылмайды. Бирак 50 жылгы енбеги казак онеринин оркендеуине 69млрд болып куйылгандай коринеди. Алла пана болсын

  • Anonymous says:

    Баглан дурыс айтады.Казак онерине калткысыз кызмет еткен Тунгышбай аганы турмеге отыргызу-нагыз билместик болады.Расында неге изденбеске?!неге комектеспеске?кара нардай санаулы гана нагыз таланттарымыздын кадирине тирисинде жетейик.Кейин бари кеш болады.

  • Anonymous says:

    Бəріміз де пендеміз ғой. Кім адаспайды. Бірақ соны біле тұра өз пайдасына жұмсап дүние қоңыздыққа барған адамға ел не деп көмектеседі.Жала жабылып жатқан жоқ. Алғанын алдым деп өзі мойындап отыр. Бəріміз де жақсы актер екенін білеміз. Сыйлаймыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар