Қарақат: Өмірдегі ең бақытты сәтім – жарымның бақытты жүзін көру (видео)

Бүгін елімізге белгілі әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болмановтың туған күні. Ердің жасынан асқан Болманов 53 жасқа аяқ басты.

18444743_1047703198695325_5137016619591008256_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сағат тілі 00.00-ден бастап Болмановтар жанұясының тілекшілері продюсерді қуанышымен құттықтап жатыр. Бірнеше күн бұрын ғана бесінші баласын өмірге әкелген Қарақат алғашқылардың бірі болып Қыдырәліге деген жүрекжарды лебізін білдірді.

“Өмірдегі менің ең бір бақытты сәтімді сұрайтын болса, ол жарымның бақытты жүзін көру деп жауап берер едім. Сен – Алланың сүйікті құлысың Қыдыр. Саған қандай да бір қуанышың болмасын, жетістігің болмасын, туған күнің болмасын, соған орай Алла Тағалам ерекше сыйлық жасайды екен. Бүгінгі қуанышымыз да осының дәлелі. Лайым қалған ғұмырыңда да Алланың берері таусылмасын! Осы бір бақытты күлкі жүзіңде мәңгілік орнасыншы. Туған күніңмен жаным”, – деген Қарақаттың тілегі көпті тәнті етті.

Желідегілер әншінің тілегіне қосылып, Болмановқа деген ақжарма тілектерін жолдап жатыр.

“Асыл жарыңыздың туған күні құтты болсын! Бар жақсылықты тілейміз. Қазақ халқы сіздермен бірге”, “Қуаныштарыңыз ұзағынан болсын”, “Қыдырәлі ағамызды туған күнімен құттықтаймыз, елімізде сіз сияқты азаматтар көп болғай”, “Жарыңызға керемет сыйлық жасапсыз кішкентай ханшайымды сыйлап”, “Міне нағыз отбасы, мақтанышқа тұрарлық, үлгі алатын”, “Нағыз үлгі алар мейірімді әке, пейіліне беріп жатыр”, – деп жазды олар.

Өмірдегі менің ең бір бақытты сәтімді сұрайтын болса,ол жарымның бақытты жүзін көру деп жауап берер едім.. Сен Алланың сүйікті құлысың Қыдыр…Саған қандай да бір қуанышың болмасын, жетістігің болмасын туған күнің болмасын соған орай Алла тағалам ерекше сыйлық жасайды екен.. Бүгінгі қуанышымыз да осының дәлелі.. Лайым қалған ғұмырыңда да Алланың берері таусылмасын.! Осы бір бақытты күлкі жүзіңде мәңгілік орнасыншы. Туған күніңмен жаным! @kydyrali_bolman😘 #тойыңтойғаұлассын# 19.05.2017

Публикация от Karakat (@karakat_a)

Жіберіп алмаңыз:

Әбдірайымов әртістерді ақша жинап, Жаманқұловқа көмектесуге шақырды

Қыдырәлі әр баласын құшақтаған сайын Қарақатқа ессіз ғашық болатынын айтты

Бала күнінде көз жанарынан жартылай айырылған Серікбол жан жарасы туралы айтты

Мәдина Сәдуақасова Қарақаттың қызын көрсетті (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар