Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бала күнінде көз жанарынан жартылай айырылған Серікбол жан жарасы туралы айтты

Серікбол Сайлаубек алғаш сахнаға шыққанда жұрт оның образына таңдана қарады. Көпшілік әншіні Қайрат Нұртастың образын қайталап, көзілдірікті шешпейді деп ойлады. Алайда шын мәнінде Серікболдың бір көзінің мүлдем, ал екіншісінің жартылай көрмейтінін көпшілік білмеді.

18012166_1833434743543992_2262274362746863616_n

Бала күнінде көру қабілетінен айырылған Серікбол содан бері талай дәрігердің табалдырығын тоздырған.

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

«Алла Тағаланың жаратылысын жөндеу адам баласының қолынан келмейді. Бүкіл жерге бардық қой, Германияға да бардық. Үміт жоқ.

Екінші көзім жарақаттан құрыған. Бұл да көрмей қалған. Көздің ішіне хрусталик салды. Соның арқасында көзілдірік киемін. Ол – минус 4,5. Жанынан қарасаңыз лупа. Осы көзді қорғап жүрміз», – дейді Серікбол.

Жаны ауырса да, әнші оны халыққа көрсетпеуге тырысады. Сахнада билеп, барынша халықтың көңілін көтергісі келетін азамат мұны балаларының қамы үшін жасайтынын айтты.

«Көрмейді, ауырады деп бәріне жария қылмайсың ғой. Қолдан келгенше, халықтың көңілінен шығып жатсақ, ол бізге үлкен абырой. Ол да бір сауап шығар деп ойлаймыз. Не болса да ырымшыл халық болғаннан кейін жақсылыққа қарата ойлаймыз ғой. Көзім көрмейді екен деп не істейсің енді? Бала-шағаны асырау керек, ауыр жұмыс істей алмайсың, көлік айдай алмайсың. Көлік жүргізіп, бала-шағаны асырайын десең де денсаулық жоқ. Сондықтан халықтың алдына шығып билейсің, ән айтасың. Билемесең тағы қызық болмайсың. Бәрі бала-шағаның қамы. Олар үшін билеуге де, секіруге де дайынбыз», – деп түсіндірді Серікбол Сайлаубек.

Жіберіп алмаңыз:

Өлім аузынан қалған Баян Есентаева енді өмірін сақтандырмақ

Айқын: Балама тәрбие беріп жатырмын дей алмаймын

Қайрат Нұртастың келіншегі өзі, отбасы жайлы бар шындықты айтып берді (фото)

Қарақат Әбілдинаны перзентханадан шығаруға жүздеген адам жиналды (видео)

Талқылау