Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлім аузынан қалған Баян Есентаева енді өмірін сақтандырмақ

Шетелде адамның өмірін сақтандыру – қалыпты құбылыс. Әсіресе, америкалықтар мен еуропалықтар қызметтің бұл түрін көп пайдаланады. Ал ырым-тыйымдарды ұстанатын қазақ халқы үшін бұл тың нәрсе.

18444244_170050766858094_4554705666563899392_n

Десе де біздің елімізде де адамның өмірін сақтандыратын компанияларға жүгінетін жандар саны күн санап артып келеді. Олардың қатарында танымал жұлдыздар да бар.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Былтыр ғана бұрынғы күйеуінен пышақ жарақатын алып, жан сақтау бөліміне түскен Баян Есентаева өмірін сақтандырғысы келетінін айтты.

“Мен бір рет өліп, қайта тірілдім. Ол кезде өмірім сақтандырылмаған еді. Ол туралы енді ғана ойланып отырмын. Мен де өз өмірімді сақтандыратын шығармын. Негізі ондай мекемелерге ешқашан жүгінген емеспін. Біз ертең не болатынын ешқашан болжап біле алмаймыз ғой. Бірақ енді сақтандырамын”, – дейді Баян Есентаева.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың келіншегі өзі, отбасы жайлы бар шындықты айтып берді (фото)

Қарақат Әбілдинаны перзентханадан шығаруға жүздеген адам жиналды (видео)

Сиви мен Ренат ұшақтан құлай жаздап, бір ажалдан аман қалды

Алтынай Жолдыбаева үйге түскен ұрыны аяғымен орап “өлтірді” (видео)

Талқылау