Сәбиін еденге атып ұрған келіншек 3 жылға сотталуы мүмкін

Бейсенбі, 19 Қазан , 2017 22:21

7 айлық сәбиін еденге атып ұрған келіншек сот алдында жауап беріп жатыр. 28 жастағы Марина Тюменцеваның әрекеті күллі ғаламторды шулатқан болатын. Ол кемі 3 жылға абақтыға жабылуы мүмкін, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Дегенмен, баласына деген мейірімсіздікпен аты шыққан Марина кінәсін мойындап, бала-шағасынан айырмауды өтініп, судьяның алдына жылап қалды. Шырылдап қоймаған шақалағын еденге атып ұрған келіншектің әрекетіне шошынбаған адам қалмаған. Жантүршігерлік көріністің арқасында күллі жұртқа танылған Марина Тюменцева енді сот алдында жауап беріп жатыр. Нақтырақ айтқанда, өзінің қателігін мойындап, соттан жылап тұрып кешірім сұрауда.

Десе де, Тюменцеваға ешкім де  жаны ашитын сыңай танытпады. Тіпті, әйелді қолдап сотына адвокатынан басқа ешкім келмеген. Ал аты-шулы бейнероликтің авторы-азаматтық некедегі күйеуі болса, жанжалдан кейін бала-шағасы мен әйелін тастап, тайып тұрыпты. Енді прокурор бастаған қамқорлық бөлімінің қызметкері мен полицейлерден құралған топ оны аналық құқынан айыруды сұрап отыр. Одан қалды, кәмелетке толмаған сәбиге күш көрсеткені үшін үш жылға абақтыға жабуды өтінді. Мұны естіген Тюменцева сот отырысынан ботадай боздап шықты.

“Мені түрмеге жабу үшін бәрін істеп жатыр! Қазір балаларыма жақсы қараймын”, – дейді келіншек.

Тюменцеваның айтуынша, содан бері сәбиіне саусақ ұшын да тигізбепті. Керісінше, арақты біржола қойып, жергілікті дәмханалардың бірінде ыдыс жуушы боп жұмысқа тұрған. Тапқан табысын тек бала-шағасына ғана жаратып жатыр екен. Айтқандай-ақ, үш ай бұрын аузынан арақ иісі аңқыған әйел оңалуға барынша тырысып-ақ жатырған сыңайлы. Бір ай бұрын таяқ жеген кішкентай Ираданың да әжептеуір өңі кіріп, анасын айналып толғанғанына мәз-мейрам көңілде.

“Дұрыс жолға түстім. Арақты тастадым, енді аузыма да алмаймын. Дәмханаға жұмысқа тұрдым. Әрине, алатын жалақым аздау, бірақ балаларым үшін адал еңбек етіп жатырмын.Сот алқасынан қолдау көрсетуін сұраймын, маған кешіріммен қарап, қыздарымды өзіме қалдырса деп тілеймін”, – дейді сотталушы Марина Тюменцева.

Араққа салынған келіншекті туған әпкесі қамқорлығына алыпты. Айтуынша, Маринаның отбасылық қиын жағдайын бұлар о баста білген. Бірақ, күйеуінің тентек мінезінен араласуға батпапты.

“Маринаға мүмкіндік беру керек деп есептеймін. Рас, ол қателік жіберді. Бірақ, адаспайтын адам жоқ қой. Ең бастысы әпкем арақты қойды. Жұмысқа орналасты. Ол жұмыста болғанда қыздарға мен бас-көз боп отырмын. Қыздары анасын қатты жақсы көреді, жұмыстан келгенде алдынан жүгіріп шығады”, – дейді Марина Тюменцеваның жиені Кристина Тюменцева.

Ал жантүршігерлік әрекетке баруына бірге тұрған жігіті себепші болыпты. Сол күні үйінде қырық пышақ ұрыс боп, соңы осындай жағдайға душар еткен. Тюменцева күйеуінің жиі сілтенетін жұдырығынан жүйкесінің тозғанын айтады. Сондай ұрыстардың бірінде, жолдасы бетін тіліп, ал үлкен қызының басын жарып тастаған екен. Онда да аса қатігездік танытқан деген баппен іс қозғалған. Тіпті, тергеушілер жарақаттарын суретке де түсіріп алыпты. Бірақ, қылмыстық істің соңы сұйылып, ақыры ың-шыңсыз жабылып тынған. Тұрмыстық жанжалдың құрбаны болдым деген келіншек өзіне соңғы мүмкіндік беруін сұрап отыр. Нақты сот үкісмі ертең белгілі болмақ.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда тұрғындардың келісімінсіз тұрғын үйдің жертөлесін жалға беруге тыйым салынды

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына айыппұл салынды

Қырғыз-қытай шекарасындағы кедендік тәртіпті үкіметаралық комиссия тексермек

Алматы хайуанаттар бағындағы жануар дауылдың құрбаны болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар