Қырғыз-қытай шекарасындағы кедендік тәртіпті үкіметаралық комиссия тексермек

Бейсенбі, 19 Қазан , 2017 21:48

Қырғыз-қытай шекарасындағы кедендік тәртіптің сақталуын екі елдің үкіметаралық комиссиясы тексеретін болды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Қырғыз кеденшілері сауданы әділ жүргізбейді деген күдік бар. Кеше Астанада өткен Бақытжан Сағынтаев пен қырғыз премьері Сапар Исаковтың келіссөздері осындай тоқтаммен бітті. Қырғызстаннан келген үлкен делегация, табандап отырып алып, түнгі 12-де әйтеуір Сағынтаевты шекарадағы тәртіпті жеңілдетуге көндіріпті. Бірақ, Қазақстанның өз шарттары бар. Олар туралы Азамат Алдоңғаров баяндайды.

Он күн бойы шекарада сақталған қарбалас, қырғыз делегациясының келіп кетуімен-ақ шешілді. Ары-бері қатынастың айтарлықтай жеңілдеп шыға келгенін Қырғызстанның бірінші вице-премьері Толқынбек Әбдіғұлов мәлімдеп жатыр. Көршілер Қордай бекетінен емін-еркін өтіп жатқан көрінеді. Қазақстан сөзінде тұрды.

“19-шы қазан, сағат 12:00-ден біз мемлекеттік шекарадан, әсіресе Қордай бекетінен келесі азаматтардың жеңілдетілген тәртіппен өтетіні туралы келістік.Қол жүгі бар жеке тұлғалар, жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен жеңіл көлік, жүгі жоқ ауыр көліктер қатаң тексеріссіз шекара кесіп өте алады”, – дейді ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Ендігі кезек, Қырғызстанда. Шәй десіп көрмеген бауырлас халықтың шала бүлінуі Қырғызстандағы президенттік сайлаудан басталған-ды. Қауіпсіздік үшін деген көршіміз, іргесін бекітіп, біздің азаматтардың өтуін қатаңдатты. Қазақстан да қатаң шараға барды. Бірақ мүлдем басқа себептермен.

“Кедендік әкімшіліктің қатаң жүргізілмеуінен қытайлық тауарлар Қырғызстан аумағына декларацияда бағасы төмендетіліп көрсетіп кіріп, одан бізге, әрі қарай Ресейге кетеді. Бұл импорттық кеден, қосымша құн салықтарының қазынаға толық түспеуіне алып келеді. Одан кейін аспан асты елінен арзан келген өнімге отандық кәсіпкерлер бәсеке бола алмайтыны белгілі. Қырғыз тарабы бұл сұрақты тамаша түсініп отыр. Сондықтан жұмыс тобы осы мәселеге басымдық береді”, – дейді ҚР Ұлттық Экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Екі ел алыс-берісінің кем тұстарының аяқ асты ашылып қалуын кей сарапшылар қырғыз басшысы Алмасбек Атамбаевтың бақпай сөйлеген сөзімен байланыстыруда. Ал біздің шенеуніктер бұл сұраққа қатысты пікір білдіруден қашқақтайды.

Еске салсақ, өткен апта қырғыздар жаңа президентін таңдады. Ал көрші елден 30 адам сайланып, делегация боп келуі алдағы серіктестіктің бағытын айқындап, сағат теңестіру десе болады.Бірінші вице-премьерлердің жетекшілігімен құрылған үкіметаралық жұмыс тобы бес күн ішінде экономикалық қарым-қатынастың жол картасын бекітеді. Сайлау өткіземіз деп, саудасын түсіріп алған көршінің премьері түнгі келіссөзден тоқ көңілмен еліне кетіпті. Ал Қырғызстанның бірқатар министрлері әлі де Астанада.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы хайуанаттар бағындағы жануар дауылдың құрбаны болды

Ақтөбелік жігіт жат ағымның жетегіне қалай түскенін айтып берді

Ақтөбелік дәрігерлер сал болып қалған баланың ата-анасынан 4,5 миллион теңге өндіріп алмақ

Астана тұрғыны жанжалдасқан адамның көзіне қайшы тығып, ағызып жіберді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар