Алматыда тұрғындардың келісімінсіз тұрғын үйдің жертөлесін жалға беруге тыйым салынды

Бейсенбі, 19 Қазан , 2017 22:03

Алматыда енді Пәтер иелері кооперативі тұрғындардың келісімінсіз көпқабатты үйдің жертөлесін жалға бере алмайды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Жаңа тәртіп 23 қазаннан бастап күшіне енбек. Бұндай ереже шығаруға тұрғын үй басқармасына пәтер иелерінен мыңдаған шағым түсуі себеп болып отыр. Яғни, көпшілік жертөледе ойын залы, сауна, караоке клубтардың ашылғанына қарсы.

2045 Алматы секілді алып қала шағын және орта кәсіптің қайнаған қазаны. Арнайы ғимараттардан бөлек, тіптен тұрғындардың тұратын баспаналарының жертөлелеріне дейін жалға беріледі. Бірақ, оларды жалға алушылардың көбі қойылатын талап, тәртіптерді ескере бермейді. Жаңа бастама олқылық орнын толтыруға бағытталған.  «Қазаншының өз еркі құлақты қайдан шығарса». Пәтер иелері кооперативі төрағаларының дәурені жүріп тұр. Жертөлені жалға беріп, оңай олжа алуға дәніккендері жасырын емес. Жаңа ереже енді оның тамырына балта шабады.  ПИК төрағалары әр қадамына есеп беріп, тұрғындармен санасуға міндеттеледі.

“Арендаға подвалдар беріліп жатады. Болмаса фасадтар, крышаға антеналар қойылып жатады деген сияқты. Соның көбісі тұрғындардың келісімінсіз қойылатын нәрсе тұғын. Тұрғындардың ортақ мүлігі болғандықтан, ол тұрғындардың келісімінсіз болмайды жаңа талабы бойынша осы ереженің”, – дейді Тұрғын үй  басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Ыбырайханов.

Яғни жаңа ереже таңдауды тұрғындардың өзіне қалдырады. Мәселен, ПИК төрағасы коммерциялық мақсатта шатырды, я жертөлені жалға берердің алдында жиын өткізіп, дауысқа салуы тиіс. Адамдардың кемі үштен бірі қатысып, жартысынан көбі мақұлдаған жағдайда ғана рұқсат етілмек. Сонымен қатар, тұрғындар ортақ мүлікті жалға бергеннен түскен қаржыны бақылауға да мүмкіндік алады.

“Қазіргі жағдайда акт толтырылып, жобалық құны алдын ала бекітілуі керек. Ревизиялық комиссияның құзыреті кеңіді. Тұрғындардың бәрін қанша ақша түскені, қайда кеткені қызықтырады. Комиссия жариялықты қамтамасыз етуге жауап беретін болады”, – дейді «Тұран» ПИК қауымдастығының жетекшісі Бибігүл Жүнісбаева.

Пәтер иелері кооперативі төрағаларының басына қара бұлт  үйірген ереже әзірге Алматыда ғана енгізілмек. Әкімдіктегілер бастаманы батыстық дайын үлгіден көшіргендерін айтады. Алайда, бұның тұрғындар мен шағын бизнес иелері арасындағы дауға мұрындық болар-болмасы әзірге белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына айыппұл салынды

Қырғыз-қытай шекарасындағы кедендік тәртіпті үкіметаралық комиссия тексермек

Алматы хайуанаттар бағындағы жануар дауылдың құрбаны болды

Ақтөбелік жігіт жат ағымның жетегіне қалай түскенін айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар