Қостанай облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 1 адам көз жұмды
Рудный қаласында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, салдарынан 25 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Сурет: dknews.kz
Жол-көлік оқиғасы 29 сәуірде кешкі сағат 19:00 шамасында Ленин және Марите көшелерінің қиылысында орын алған. Жолаушылар автобусы Жітіқарадан келе жатқан. Микроавтобус жол қиылысында BMW автокөлігіне соғылып қалған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан микроавтобуста бір жолаушы көз жұмды. Ол 1993 жылы дүниеге келген. Көлік ішінде болған 10 адам және жаяу жүргінші түрлі дене жарақаттарын алған. Олар ауруханаға жеткізілді», – дейді ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Қазіргі уақытта апат болған орында полиция жұмыс істеп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Алматы облысында 2 жасар бала шұңқырға құлап кетіп қайтыс болды
БҚО-да соққан қатты желдің салдарынан 10 жастағы қыз жарақат алды (фото, видео)
Назарбаев: Ресей – Құдай қосқан көршіміз
Бұл Теміртаудағы шатыр болды: Назарбаев өзінің алғашқы жатақханасын есіне алды