Рудныйда мектеп оқушысы туған күнінде асылып қалған
Қайғылы оқиға 7 сәуір күні болған. Рудныйда мектеп оқушысы өз-өзіне қол салып, үйінде асылып қалған.
Сурет photo.99px.ru
Бұл туралы hordelo.kz хабарлады.
Бұл ақпаратты қалалық білім басқармасы да растап отыр. Қайтыс болған қыз №10 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы болған.
Қыз өзге құрдастары секілді әлеуметтік желілерге тәуелді болмаған. Ондағы түрлі күдік тудыратын топтар мен парақшаларға да тіркелмеген екен. Бұл қадамға оның неліктен барғаны қазір анықталып жатыр.
Талқылау