Роза Рымбаева: Тұрмысқа шығатындай лайықты жанды кездестірмедім
Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева “Время” басылымының тілшісі Оксана Василенкоға берген сұхбатында не себепті екінші рет тұрмыс құрмағанын түсіндірді. Әнші өзіне серік болатындай лайықты жанды кездестірмеген көрінеді.
“60 жасымда менен сенсация күтіп отырсыздар ма? Енді сенсация бола қоймас, себебі өкінішке қарай, мен өмір жолымда лайықты азаматты кездестірмедім. Ал арнайы іздеу салып, әлдебіреуді үйге алып келу ойыма да кіріп шықпапты. Себебі ұлдарымды ойладым. Десе де, әйел ретінде талай рет ер адамның қолдауына зәру болғанымды жасырмаймын. Бірақ енді болмаған екен, амал қанша? Қазір тек шығармашылықпен айналысудамын, үнемі гастролде жүремін. Кеше ғана бір сахнада Лев Лещенко, Полад Бюль-Бюль-оглылармен бір сахнада Түркменияда ән салып келдім. Әлі де бұрынғыша Ротарумен, Алламен және т.б. танымалдармен бірге өнер көрсетіп жүрмін. Жалпы бұрынғы кеңестік елдерге Қазақстанның өкілі ретінде шақырғанда өзімді бақытты сезінемін”, – дейді Роза Рымбаева.
Жіберіп алмаңыз:
Роза Рымбаева өзімен суретке түскісі келетіндерді «әдепсіз әрі бетпақ» деп атады
Жұлдыздар Instagram-дағы жарнама үшін қанша сұрайды?
Бағым Мұхитденова Димаштан кешірім “сұратқызған” басылымды сотқа берді