Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Рымбаева кенже ұлының өзіне ән жазып бергенін айтып мақтанды

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева мерейлі 60 жасын ЭКСПО қонақтарының ортасында атап өтпек. Еліміз үшін елеулі саналатын халықаралық көрмеде Халық әртісі ән кешін өткізіп, қазақ елінің мерейін үстем етуге ниетті.

17437974_734198423406887_5259941117633232896_n

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды,деп жазады Stan.kz.

Елінің ертеңіне сеніммен қарайтын Халық әртісі елордада өтетін елеулі шараға қызу дайындық жүргізіп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, биыл Роза Рымбаеваның мерейлі 60 жасы ЭКСПО көрмесімен тұспа тұс келіп отыр.

«Мерейтойды кереметтей атап өту мақсат емес. Ең біріншіден, халықтың алдында есеп беру. Концерттермен көбірек шығу, бүгінгі деңгейді көрсету. «Ура, қартайдым» деп қуанып жатқан ешкім жоқ. Ол жай ғана жылдан жылға келетін туған күн ғой», – дейді әнші.

60-қа аяқ басатын Рымбаева меншікті мерекесінен гөрі қазақ өнерінің құдіретін шетелдік қонақтарға паш етуді перзенттік парызым деп біледі.

«Үш ай бойы бүкіл Қазақстанның жұлдыздары еңбек етеміз. Себебі ұлтымыздың музыкасын, бүгінгі мәдениетін көрсетуіміз керек. Қазір сол концертке дайындалып жатырмыз. Онда көптеген дуэттер орындалуы мүмкін. Тек өзімізден емес, басқа мемлекеттен де дуэт шақыруымыз мүмкін», – деп ағынан жарылды Рымбаева.

Тамыз айына жоспарланған ауқымды концерттің музыкалық продюсері әншінің ұлы Әли Оқапов болмақ.

«Роза Рымбаева дегеніміз – ең біріншіден, шоу емес, дауыс. Сондықтан алып бара жатқан ұшатын адамдар немесе ұшатын лэд-экран немесе ұшатын музыканттар дегендей болмайды. Қай жағын жаңартамыз? Көйлек жағынан, әлі айтылмаған біраз әндер жиналып қалды. Міндетті түрде тұсаукесер болады», – дейді Әли.

Бұл кештің қарсаңында Халық әртісінің кенжесіне де жүктелген жұмыс жетерлік. Ана мен бала Мәдидің сазгерлігінен туындаған тың тректі көрме қонақтарына тарту етпек.

«Бірнеше апта ойластырдым, қиын болды. Өйткені менің мамамның стилі қандай? Менің стилім қандай? Ортасын табу керек болды. Сол үшін көп іздендім», – дейді Мәди Рымбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы ешкімге айтпаған тың жаңалығымен бөлісті

Қарақат ұлдарының Құран сүрелерін жаттап алғанын айтып мақтанды

Бейбіт Көшқалиевтың азан шақырған видеосы жұртты тамсандырды (видео)

Арашпен мың бұрала билеген Сиви араб әншісіне қанша ақша төледі?

Талқылау