Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арашпен мың бұрала билеген Сиви араб әншісіне қанша ақша төледі?

Дәл қазір біздің елдегі дүбірлі тойлардың көшін күні кеше өткен Сивидің отбасындағы қуаныш бастап тұр. Шет елдік танымалдардың басы қосылған бұл патиде, Араш пен Анна Семенович әннен шашу шашқан! Ал, меймандар үшін, әлем жұлдыздарын шақырған Махмұдидің қалтасы қаншалықты жұқарды?!

арашпен мын бурала билеген

Әйгілі Арашпен мың бұрала билеген Сиви әкесі Махмұдтың 60 жасын тойлатқан.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

Қымбат мейрамхана таңдап, жаһандық жұлдыздарды жанына жиған жанұяның қалтасы қаншалықты жұқарды?!

«Жо-жоқ, айтпай-ақ қояйын! Қазір халық қайтіп шулап шығады, керек емес! Баға жағын енді айта алмаймыз. Бірақ, арзан емес шыны керек. Білетін адамдар біледі ғой. Тауып алады ғой өздеріне қызық болса», – дейді Сиви.

Иә, араб әншісі арзан емес! Араштың райдерінен бөлек, ән салу құны 80 мың АҚШ долларын құрайды екен. Сонымен қатар, Сивидің жанұясы бұл кешке ресейлік әнші, әрі актриса Анна Семеновичті де арнайы шақырған.

«Анна Семенович ондай қымбат емес деп ойлаймын. Өйткені, қазір енді ондай қатты керемет әнші болып тұрған жоқ қой шыны керек. Кезінде енді керемет жұлдыз болды. Бірақ, Арашпен бірге керемет әні, дуэті болғаннан кейін шақырдық», – дейді Сиви.

Екіншіден, үш тілде өткен алпыс жылдық мерейтойда Анна орыс тілінде жүргізіп, асабалық қызметті де атқарған. Ал, ресейлік сайттағы мәліметке сүйенсек, әншінің қаламақысы 600 мың рубль, яғни қалтаңызда 3 миллионнан астам теңге болса жеткілікті. Сондай-ақ, Семенович өзге мемлекетке шақырту алса, жанына 8 адамнан тұратын командасын ертіп жүреді.

Жіберіп алмаңыз:

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қызметінен босатылды

Мәдина Сәдуақасова ұлының есеп шығарып, үш тілде сөйлейтінін айтып мақтанды

Танымал қазақстандық КВН-шілер соңғы рет сахнаға шығады

Мәмбетовтың ақиқаты, Жаманқұловтың “шындығы”: Тұңғышбай Желтоқсан оқиғасында мені тастап қашып кетті

Талқылау