Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы ешкімге айтпаған тың жаңалығымен бөлісті

Баян Есентаева кезекті кинотуындының түсірілім жұмыстарын бастады. Бұл жолы продюсер тарихи жанрдағы сериалды таспалауды қолға алған. Ал бірнеше бөлімнен тұратын туындының сценарийіне махаббат эпосы арқау болмақ.

18809633_1494305373924503_7588975545791021056_n

Бұл туралы Баян Мақсатқызы Hit Tv арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

«Бұл менің бұрыннан бергі арманым болатын. Дәл осы махаббат дастанын экранға шығаруды көздеген едім. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр», – дейді Баян Мақсатқызы.

Танымал продюсер мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ол тағы бір кинокартинаның түсірілімін қолға алмақ. Бұл туынды музыкалық комедия жанрында болады.

«Бұл туралы алғаш рет бөлісіп отырмын. Біз толықметражды кинокартинаның түсірілімін бастамақпыз. Ол осы жылдың желтоқсан айында жарық көреді. Түсірілім қыркүйек айында басталады. Бұл музыкалық комедиялық туынды. Менің ойымша, өте қызықты жоба болады», – дейді Баян Мақсатқызы.

Музыкалық комедияда басты рөлді сомдайтын актерлер әлі таңдалмапты.

«Қазір сценарий жазылып жатыр, жақында кастинг басталады. Біз 16-17 жастағы керемет билейтін әрі ән салатын бойжеткен мен жігітті іздейміз», – деп хабарлады Баян Мақсатқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат ұлдарының Құран сүрелерін жаттап алғанын айтып мақтанды

Мақпал Жүнісова: Қаңғырып кеткенім үшін анамнан талай таяқ жегенмін

Қайрат Нұртас Сивидің әкесіне аса қымбат көлікті сыйға тартты (видео)

Бағлан Әбдірайымов вокзалда алма сатып, кәуәп пісірген күндерін еске алды

Талқылау