Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағлан Әбдірайымов вокзалда алма сатып, кәуәп пісірген күндерін еске алды

Бүгінде сахнада жарқырап жүргенімен, әншілер де қиын-қыстау кезеңді халықпен бірге өткерді. Мәселен, Бағлан Әбдірайымов бала күнінде алма сатып, студент кезінде кәуәп пісіруші болып жұмыс істеген. Тіпті, “Жігіттер” квартеті құрылып, елге танылған тұста Әбдірайымов әртүрлі заттарды сатумен айналысқан.

bandicam 2017-06-02 22-12-10-807

Бұл туралы Әбдірайымов Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

«Өмірде математиканы нашар оқыған адамдар, мектептен кейінгі өмірде тәуекелшіл болады. Есеп-қисапқа қарамайды. Бірінен сүрініп, екіншісіне барады. Ал енді жақсы оқығандар, есебін келтіріп, шығынын есептеп, тәуекелге көп бармайды. Есеппен шығарып алады. Мен не жасамадым, не сатып көрмедім? Бала күнімде ауылда жолдың бойында алма көп өсетін. Сол шақта вокзалда алма сатқанмын. Студенттік шағымда кәуәп пісіруші болып жұмыс істедім. Одан кейін музыкант болдым. «Жігіттер» тобына келгеннен кейін де шеттен көліктің дөңгелектерін әкеліп саттым. Бәрін көрдім. Енді бұйырғаны болып жатыр», – дейді әнші.

“Жігіттер” тобының тағы бір мүшесі Мырзахан Маханов оқушы кезінен базарда саудагер болғанын айтты.

“Алтыншы сыныптан бастап көліктің бөлшектерін саттым. Күндіз базарда, кешке тойларда жүретінмін. Бала күнімнен ән айтып, базарда саудамен айналысқанымды қазір бүкіл Жетісай біледі”, – дейді ол.

Еске сала кетейік, жуырда Бағлан Әбдірайымов өзінің жеке той орталығын ашып, жаңа кәсіпті қолға алды.

Жіберіп алмаңыз:

Бейбіт Көшқалиевтың азан шақырған видеосы жұртты тамсандырды (видео)

Қайрат Нұртас Сивидің әкесіне аса қымбат көлікті сыйға тартты (видео)

Іш киімін көрсеткен Кәмшат Жолдыбаева масқара болды (фото)

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қызметінен босатылды

Талқылау