Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Әлқожа өзінің ән кешінде би билеген қызға сахнада тұрып сырғасын шешіп берді (видео)

Әнші Роза Әлқожа Атырауда өткен ән кешінде би билеп, өлең оқып берген кішкентай қызға құлағындағы сырғасын шешіп берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші Роза Әлқожа Instagram желісіндегі парақшасында Атырауда өткізген ән кешінде түсірілген видео жариялады.

Видеода әнші өз кешінде би билеп, өлең оқып берген кішкентай қызға құлағындағы сырғасын шешіп берді.

«Әдетте біз орамал, альбомдар алып жүруші едік. Бүгін ұйымдастырушылар ұмытып кетіпті. Алтынға біздің жолымыз жұғысты болсын», – дейді әнші видеода.

Өз кезегінде Әлқожаның Инста-оқырмандары әншінің жомарттығына тәнті болды.

 

«Роза әпке, сіздің жүрген жеріңіз береке ғой», «Жарайсыз, жомарт жан екенсіз», «Не деген қазақылық! Дарасыз ғой, Роза», – деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Нұртас: Отбасымды, балаларымды өнерге бергім келмейді

Қайрат Нұртас Алматыда тегін концерт береді

Қыз бала тұсау кеспейді: Сәбидің тұсауын кескен Жанар Дұғалова сын астында қалды (видео)

Ешкімнің ала жібін аттамадым: Гүлзира Айдарбекова жетістікке жетуінің сырын ашты

Талқылау