Ешкімнің ала жібін аттамадым: Гүлзира Айдарбекова жетістікке жетуінің сырын ашты

Гүлзира Айдарбекова – нағыз стратег! Қайрат Нұртастың әр жетістігін көрген жұрт осылай деп шулайды. Ел ұлын, араға он жыл салып келіні мен немерелерін сахнаға шығарып, отбасының әр мүшесін еліміздегі ең танымал тұлғаларға айналдырған Айдарбекованың еңбегіне таңғалудан шаршамайды. Тіпті, әншінің өнердегі әр жаңа бастамасынан астар іздейтіндер көп, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Осыдан бірер күн бұрын Қайрат Нұртас алғаш рет қалың көпшілікке балаларын көрсетті. Жай ғана таныстырған жоқ, әрқайсысының өнерін паш етуге тырысты. Бұл орайда кей тыңдармандар Гүлзира Айдарбекованы “немерелері арқылы PR жасамақшы” деп айыптаған көрінеді. Гүлзира Үсенқызының сын тағушыларға берер жауабы дайын.

“Шынымды айтсам, осы сұрақты тек xалық емес, журналистер де көп қояды. Кей кезде болмаса, көбіне ойламаған жерден жетістіктер күтіп тұрады. Өзім іштей ойлаймын, ешкімнің ала жібін аттамадым, қолымнан келгенше жақсылық жасауға тырыстым, көпшіліктің шын ниетімен айтылған батасын алдым. Бар ойым: отбасымның бақыты және ештеңені сатып алмай, таза еңбекпен, адал жетістік мақсатым болды. Рас, кейде жала жауып жексұрын көрсететіндер де аз болған жоқ. Бірақ түбі, менің ақ екенімді, мін іздегендердің кір жаққанын xалық та, ағайындардың арасында талқыға түссем, уақыт өте келе ағайындар да адалдығыма көзі жетіп ақтап алып жатты. Бәлкім, осы адалдығым үшін, Алланың маған берген сыйы шығар деп, шүкіршілік етумен боламын әлі күнге дейін.

Кейде екі адам бірігіп бизнес жасаса да біреуінің пиғылы арам болып жатса, еңбектері еш кететінін көп байқаймын. Жүрегіңде адалдық және адамдық қасиетің болса, бір-екі ұтылуың мүмкін, бірақ түбі Құдай сынаққа адалдықпен жеткенің үшін, зейнетін көруіңді нәсіп ететін сияқты. Пиғылы қаралардың ұтысы ұзаққа бармайды, ақшалы болуы мүмкін, бірақ түбі абыройсыздыққа алып барады. Абыройлы болсаң, ақшаң да қалтаңда қалатын сәттер көп болады. Біреулердің пәлен миллионмен бітіретін тірлігін, сен абыройыңмен тегін шеше салатын кездер де көп болады. Кейбіреулер тілдеп жатады, атағы болған соң сол ғой деп. Бірақ сол атақ пен құрметке жету, инемен құдық қазғандай адал еңбегің екенін ұқпай жатады.

Өз бақыты болмағандар, біреудің жетістігіне өзегі өртеніп, сол жайлы өсек айтып кемітіп, сол арқылы өзін жұбатады. Сайраған тілімен, өтірігімен емес адал еңбекпен жетістікке жету деген жаныңның раxат табуы. Өткен өміріңе бұрылып қарағаныңда тазалық болса ол руxани байлығың. Бар шындығым осы”, – деп ағынан жарылды Қайрат Нұртастың анасы.

Жіберіп алмаңыз: 

Серік Ибрагимов үйленгеніне 2 жыл болса да, жұбайының қолынан наурыз көже ішіп көрмеген

Кейін не боларын білмеймін: Роза Рымбаева ұлы Мәдиге сүйіктісінің жазған хатын оқып қойған

Қайрат Нұртас тұңғыш қызының сүйемелдеуімен Абайдың әнін шырқап, көпті сүйсіндірді (видео)

Бізге ана керек: Nazar тобы анасынан айырылған отбасы туралы бейнебаян түсіріп, жұртты жылатты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар