Бізге ана керек: Nazar тобы анасынан айырылған отбасы туралы бейнебаян түсіріп, жұртты жылатты (видео)

Мөлдір Әуелбекова құрған Nazar тобы халыққа алғашқы бейнебаянын ұсынды. Анасынан айырылып, боздап қалған жетімдердің мұңын жеткізген туынды жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әуелбекованың тобы ең алғашқы бейнебаянын ең асыл да ардақты жандар – аналарға арнады. Бейнебаян желісі бойынша, төртінші сәбиін босанар сәтте келіншек өмірімен қош айтысады. Ал үш баламен жалғыз қалған әке өмірден түңіліп, ішкілікке салынып кетеді.

“Құдайым-ау қандай жүрекке тиетін əн еді, қыздар керемет əнді жүрекке жеткізе білді, жарайсыздар. Денем тітіркеніп кетті ғой”, “Көзге еріксіз жас келеді екен, ешбір сəби жыламаса екен, аналардың ғұмыры ұзақ болғай”, “Айтарға сөзім жоқ! Кешью бұлардың жанында түкке татымайды! Жүректі елжіретті, өте əсерлі бейнеклип. Жұмыс жасалғаны көрініп тұр. Бізге мағынасы жоқ эщкере емес емес, ақсерек пен көксерек қымбат!” – деп ақжарма тілегін жеткізді тыңдармандар.


Жіберіп алмаңыз: 

Тамара Асар дәмі тіл үйіретін наурыз көженің қалай дайындалатынын көрсетті

Қазақстандық бойжеткен Ташкентте өткен сұлулық байқауында бас жүлдеге ие болды (фото)

Гүлзира Айдарбекова: Туған сіңлім не қызым болмағандықтан, немерелерімнің есімін өзім қойдым (видео)

Нұржан Керменбаев Төреғали Төреәлі үшін халықтан кешірім сұрады

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар