Кейін не боларын білмеймін: Роза Рымбаева ұлы Мәдиге сүйіктісінің жазған хатын оқып қойған

Роза Рымбаева қашан келін түсіріп, ене атанбақ? Бұл сұрақ Халық артисіне де, оның тұңғыш ұлы Әлиге де жиі жолданады. Алайда 27 жасқа аяқ басқан Оқапов әлі үйленуге асықпайды. Тұңғышына айта-айта жалыққан Роза Қуанышқызы енді екінші ұлын үйлендіруді ойлап жүрген көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Роза Рымбаева “Қазақстан” арнасының “Түнгі студия” бағдарламасына қатысып, бастан өткен қызықты оқиғасын баяндады. Ол “әулие Валентин” күнінде ұлы Мәдиге ғашығының жазған хатын оқып, таңғалғанын жасырмады.

“Егер де Әли тағы бір-екі жыл жүретін болса, Мәди екеуін бір-ақ үйлендірсем деген арманым бар. Әлгі Валентин күні деген мереке бар ғой. Сол күні балам бөлмесінде ұйықтап жатыр. Терезесінің алдында бір пакет тұр. Керемет әдемі пакет. Ішінде біраз сыйлықтар бар. Оның қасында тұрған ашықхатты алып оқыдым. Не деген махаббат сөздер десеңізші?! «Мен сен үшін өмір сүремін» деп жазыпты. Ойбу дедім… Мәди, сенің қызың әлдең осындай сөздер жазып жатса, кейін не болады дедім”, – дейді Роза Рымбаева.

Бұдан өзге, Халық артисі жар таңдауда балаларына қатаң талап қоймайтынын айтты. Ол тіпті, әнші келінді қабылдауға дайын екенін жеткізді.

“Бірінші кезекте, баламның жүрек қалауын қабылдаймын. Мен де әншімін ғой. Оған қарсы шыға алмаймын”, – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Қайрат Нұртас тұңғыш қызының сүйемелдеуімен Абайдың әнін шырқап, көпті сүйсіндірді (видео)

Бізге ана керек: Nazar тобы анасынан айырылған отбасы туралы бейнебаян түсіріп, жұртты жылатты (видео)

Ресейлік танымал актриса Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болғанын мойындады

Қазақша таза сөйлеген Айсәуле Бақытбек неліктен тұрмысқа шығуға асықпайтынын айтты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар