Қыз бала тұсау кеспейді: Сәбидің тұсауын кескен Жанар Дұғалова сын астында қалды (видео)

Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған шара кезінде тұрғындар сахна сыртында Жанар Дұғаловадан сәбиінің тұсауын кесіп беруін сұраған. Ата-ананың  көңілін қалдырғысы келмеген әнші сол жерде сәбидің тұсауын кесті, деп хабарлайды Stan.kz.

Жанар Дұғалова желідегі парақшасында Наурыз мейрамында сәбидің тұсауын кескен видеосын жариялады.

Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған шара кезінде тұрғындар сахна сыртында Жанар Дұғаловадан сәбиінің тұсауын кесіп беруін сұраған. Өз кезегінде әнші сәбидің ата-анасының көңілін қалдырмады. Ол шараға жиылған адамдардың көптігіне қарамастан, сол жерде сәбидің тұсауын кесті.

Аталған видео 10 сағат ішінде 110 мыңнан аса қаралым жинаған.

 

Өз кезегінде желі қолданушыларының дені әншінің қарапайымдылығына тәнті болды. «Жанар, сіз кереметсіз!», «Мен де сізге қызымның тұсауын кестіргім келеді», «Жанар, жарайсыз! Кішкентай сәбиге сіздің жолыңызды берсін», – деп жазды әншінің желідегі оқырмандары.

Ал кейбір Инста-қолданушылар қыз баланың тұсау кеспейтінін айтып, әншіні сынады. “Әйел адамға ұлдың тұсауын кесуге болмайды”, “Қандай жетістікке жетсе де, үйленбеген, тұрмысққа шықпаған адам тұсау кеспейді”, ”

Кез-келген жерде тұсау кесе беретін болған ба? Әрине, жастардың тұсау кескеніне қарсы емеспін. Бірақ біздің кезімізде үлкен ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізге кестіретінбіз. Осы кісілердей өмірі ұзақ бослын, жолдарын берсін деп. Қазір қарап отырсам, әншілерге тұсау кестіреді бірыңғай”, – деп сынады желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Ешкімнің ала жібін аттамадым: Гүлзира Айдарбекова жетістікке жетуінің сырын ашты

Серік Ибрагимов үйленгеніне 2 жыл болса да, жұбайының қолынан наурыз көже ішіп көрмеген

Кейін не боларын білмеймін: Роза Рымбаева ұлы Мәдиге сүйіктісінің жазған хатын оқып қойған

Қайрат Нұртас тұңғыш қызының сүйемелдеуімен Абайдың әнін шырқап, көпті сүйсіндірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
28.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар