Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ростов зообағында келушілердің бірі өгізді өлтіріп қойды

1 мамыр мерекесі кезінде зообаққа келушілер жабайы өгізге тамақ беріп, нәтижесінде өгіз сол тамақты жегеннен кейін өліп қалған.

ыыыыыыы

Сурет tjournal.ru

Бұл туралы Комсомольская правда хабарлайды.

Муравей деген лақап атқа ие өгіз орталық алеяда анасымен бірге тұрған екен. Зообақ басшылығы оларды жуырда тағы да төлдейді деп күткен екен.

Зообақта әртүрлі тақтайшаларда жануарларға ешқандай тамақ беруге болмайтындығы айқын көрсетілсе де, келушілердің бірі өзімен бірге ала келген тамақты жануарға беріп көрген. Өлген өгізге сараптама жасаған ветеринарлар оның ішінен нанның түр-түрін тапқан. Толыққанды зерттеу жасау нәтижесінде жануардың асқазанында барлығын қосқанда чипсы, көкөніс, жеміс-жидек, 10 келіге жуық тамақ болғаны анықталған.

Өгіздер – шөпқоректі жануар. Олардың организмінің ережесі бойынша оларда тою сезімі толыққанды болмайтындықтан алдына келген асты беталды жей береді. Оқиғадан соң зообақ басшылығы заңгерлермен кеңесіп, өздерімен бірге тамақ әкеліп жануарларға беруші адамдарды жазалау мәселесін қарастырған.

Талқылау