Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Робот ауруханаға түскен науқас қыздың орнына мектеп бітіріп шықты (видео)

Алабамадағы жергілікті мектепте ауруханаға түскен оқушының оқу бітіру туралы дипломын оның орнына робот алды. Ал науқас оқушы диплом алу салтанатын ауруханада бақылап жатты.

Робот ауруханаға түскен науқас қыздың орнына мектепті бітіріп шықты

Бұл туралы UberGizmo хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Синтия Пэттвей өзінің бітіру кешін жіберіп алмас үшін, дәрігерлер iPad-ға қосылған қашықтан басқару пультіндегі роботты пайдаланды. Науқас салтанатты шараға бір апта қалғанда ауруханаға түскен. Бірақ ол өмірінің маңызды күндерінің бірін өткізіп алғысы келмеді. Нәтижесінде, Синтия iPad-тың бетіне қойылған суретінің  (аватар) көмегімен диплом алды. Ол роботты қашықтан бақылап, тіпті алғыс айтып, сөз сөйлеген.

Осындай қолданушының виртуалды бейнесі (аватар) жақында ғана қолданыла бастады. Әдетте олар мүгедектерге немесе ауруханадан физикалық түрде шыға алмайтын ауыр науқастарға қолданылады.

Мысалы, жақында осындай роботтың көмегімен “Эвертон футбол клубы мүгедек баланы матчқа шақыра алды.

Оқи отырыңыз:

Лотерея билетіне екі туған күнін де белгілеген азамат 1,9 миллион АҚШ долларын ұтып алды

Депутат өзіне сөз қайтарған жасөспірімді ұрып жіберді

Флорида қаласының тұрғыны шылым шегу кезінде электронды темекінің жарылысынан көз жұмды

2 223 950 теңге төлейді: Түркия жергілікті шипажайды дамытатын саяхатшы іздеп жатыр

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр