Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Флорида қаласының тұрғыны шылым шегу кезінде электронды темекінің жарылысынан көз жұмды

Америкалық Толлмадж Д’Элиан электронды темекінің жарылысынан қайтыс болды.

Америкалық азамат электронды темекінің жарылысынан қайтыс болды

Бұл туралы BBC-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бұл АҚШ-тағы электронды темекінің жарылысына байланысты болған алғашқы өлім. Флорида штатында тұратын 38 жастағы Сент-Питерсберг қаласының тумасы электронды темекінің салдарынан көз жұмды. Жарылған электронды темекіден  марқұмның денесінің 80 пайызын күйік шалып, тіпті бас сүйегіне зиян келген.

Тельмаджа Д’Элианың денесін 5 мамырда өрт бөлімінің қызметкерлері үйінен тауып алған. Медициналық тексерудің қорытындысы бойынша өлімнің себебі екі металл заттың, яғни электронды темекінің бір бөлігінің, бас сүйегіне кіріп кетуінен болған.

Полиция қызметкерлері электронды шылымның темекі шегу кезінде жарылып кеткеніне сенімді. Жарылыс ер адамның өз үйінде өрт болған екен.

Флорида тұрғынының өліміне себепкер болған электронды темекі филиппиндік Smok-E Mountain компаниясында өндірілген. Бұл темекі «Модов» деп аталатын түрге, яғни үлкен батареясы бар және модификациялау мүмкіндіктері кең электронды темекі.

Оқи отырыңыз:

2 223 950 теңге төлейді: Түркия жергілікті шипажайды дамытатын саяхатшы іздеп жатыр

63 жыл бойы қан беріп келген: Миллиондаған сәбидің өмірін құтқарған донор демалысқа кетті

Заңды күйеуі бата берді: Төрт еркекпен қарым-қатынас құрып жүрген бойжеткен тағы да тұрмысқа шықты

Бала күтуші «шайтанның бұйрығы» бойынша бүлдіршіндерді пышақтап өлтірген

Талқылау