Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2 223 950 теңге төлейді: Түркия жергілікті шипажайды дамытатын саяхатшы іздеп жатыр

Түркияның Даламан және Дальян қалаларының арасында орналасқан Ортадж елді-мекенінің муниципалитеті кәсіпқой саяхатшы іздеп жатқандарын хабарлады. Өтінімді 15 мамырдан 14 шілдеге дейін жіберуге болады. Ал тамыз айында жұмыс істеуі керек қызметкерге 2 223 950 теңге сыйақы төленеді екен.

2 223 950 теңге төлейді: Түркия жергілікті шипажайды дамытатын саяхатшы іздеп жатыр

Бұл туралы tengritravel.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Дальян – Түркияның Эгей жағалауында орналасқан шағын көркем шипажай. Сондай-ақ, ол Түркияның Венециясы деп те аталады. Себебі, ол жер оны өте көркем етіп тұратын кішкентай ағындармен және шығанақтармен безендірілген.

2 223 950 теңге төлейді: Түркия жергілікті шипажайды дамытатын саяхатшы іздеп жатыр

Жаңа қызметкердің негізгі міндеті туристерді қала мен облысқа тұтастай тарту болып табылады. Бұл үшін жұмысқа қабылданушы тамыз айы бойы сол жерде болып, жергілікті көрікті жерлерді зерттеп, әлеуметтік желілер арқылы оның артықшылықтарымен бөлісуі керек.

2 223 950 теңге төлейді: Түркия жергілікті шипажайды дамытатын саяхатшы іздеп жатыр

Биліктегілер қызметкерге толық қолдау көрсетуге, соның ішінде тұрғын үй беруге уәде береді. Сондай-ақ келісім-шарт бойынша 30 мың түрік лирасын төлейді, яғни 2 223 950 теңге. Байқауға қатысу үшін 15 мамырдан 14 шілдеге дейін bestjobinturkey.com сайтына өтініш жіберуге болады.

2 223 950 теңге төлейді: Түркия жергілікті шипажайды дамытатын саяхатшы іздеп жатыр

Үміткер ұзақтығы екі минуттан артық емес немесе басқа еркін нысанда видео түсіріп, неліктен бұл жұмысты алуға тиіс екенін айқындауы керек. Сонымен қатар, талапкерлерге басқа да талаптар қойылады екен. Олар кем дегенде бір шет тілін, блог жүргізу дағдылары мен әлеуметтік желілерді тиімді қолдануды, сондай-ақ видеокамераны жақсы пайдалана білуі керек.

Оқи отырыңыз:

63 жыл бойы қан беріп келген: Миллиондаған сәбидің өмірін құтқарған донор демалысқа кетті

Заңды күйеуі бата берді: Төрт еркекпен қарым-қатынас құрып жүрген бойжеткен тағы да тұрмысқа шықты

Бала күтуші «шайтанның бұйрығы» бойынша бүлдіршіндерді пышақтап өлтірген

Маған мән бермеңіздер: Жұрт қаңғыбасқа ұқсап қалған Киану Ривзті танымай қалды (фото)

 

Талқылау