Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маған мән бермеңіздер: Жұрт қаңғыбасқа ұқсап қалған Киану Ривзті танымай қалды (фото)

Голливудтың ең танымал жұлдыздарының бірі Киану Ривз қаңғыбасқа айналған ба? Актердің жалаң аяқ күйде отырғанын әрі иығына дейін түскен шашын көрген жұрт дәл осылай деп дабыл қақты. 53 жастағы актердің сыртқы келбеті түбегейлі өзгерген.

Киану Ривз

Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Иығына дейін түскен қалың шашы, ағарған сақалы, қолындағы шылымы мен “сусыны”, тіпті көше ортасында жалаң аяқ отыруы – актердің беделіне нұқсан келтіргендей. Киануды ту сыртынан суретке түсіріп алған папарацци эксклюзивті суреттерді әлемге таратып жібергенін айта кетейік.

Киану Ривз

Алғашқыда фотоларды көрген көрермендер Киану Ривзті теріс жолға түсіп кетті деп ойлағаны рас. Алайда бұл – бар болғаны актердің келесі фильмдегі образы болып шықты. Ривз 2019 жылы көрерменімен жаңа фильмде қауышпақ ниетте.

Тағы оқыңыз: 

Индонезиялық екі бүлдіршін алып жыланның үстіне мініп, ойнаған (видео)

Аяғынан айырылу кезіндегі естеліктер «Миллион кімге бұйырады?» шоуының қатысушысына жүлделі болуға көмектесті

Пойыз астынан құлап кеткен бес жасар қызды әскери қызметкер құтқарып қалды (видео)

20 жастағы жігіттердің өзі бұрылып қарайды: Ұлыбританияның ең кәрі моделі 67 жаста (фото)

Талқылау