Заңды күйеуі бата берді: Төрт еркекпен қарым-қатынас құрып жүрген бойжеткен тағы да тұрмысқа шықты

Таңғы телешоуға қатысып, танымал болған британдық Мэри Крэмптон бірінші некесін бұзбай екінші рет күйеуге шықты.

Заңды күйеуі бата берді: Төрт еркекпен қарым-қатынас құрып жүрген бойжеткен тағы да тұрмысқа шықты

Бұл туралы The Sun басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сонымен қатар, ол екінші некеге отырған кезде бұл рәсімге оның алғашқы күйеуі мен екі ашынасы да  қатысқан екен.

Крэмптон мамыр айының басында ITV арнасының телешоуында төрт еркекпен, яғни заңды күйеуі, екі ашынасы және күйеу жігітімен қалай үйлесімді қарым-қатынас құрып жатқанын айтып берді.

Жақында болған салтанатты рәсімде ол екінші сүйіктісіне тұрмысқа шықты.  Жас-жұбайлар салтанатты рәсімді Манчестер  шіркеулерінің бірінде өткізген. Сондай-ақ, неке қию рәсіміне Мэриді оның заңды күйеуі Тим алып шыққан. Ол үйлену антына дейін қалыңдықты күйеу жігіті Джонға тапсырып, әйелінің екінші «некесіне» батасын берді. Ал бойжеткеннің екі ашынасы да Майкл және Джеймс неке қию рәсіміне қонақ  ретінде қатысты.

Британдық әйелдің сөзінше, екі күйеуі де оның әрқайсысымен байланысын құрметтейді.

«Біз заңды құжаттарға қол қоя алмадық, өйткені біздің елде көп некелік заңсыз болып табылады. Ал қалған барлық жағдайларда рәсім қарапайым үйлену тойы секілді өтті»,-дейді Мэри Крэмптон.

Қазір әйел сол қолына бір емес, екі үйлену сақинасын тағып жүр.

Оқи отырыңыз:

Бала күтуші «шайтанның бұйрығы» бойынша бүлдіршіндерді пышақтап өлтірген

Маған мән бермеңіздер: Жұрт қаңғыбасқа ұқсап қалған Киану Ривзті танымай қалды (фото)

Индонезиялық екі бүлдіршін алып жыланның үстіне мініп, ойнаған (видео)

Аяғынан айырылу кезіндегі естеліктер «Миллион кімге бұйырады?» шоуының қатысушысына жүлделі болуға көмектесті

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар