Рио-2016: Олимпиаданың алтыншы күні қазақ спортшылары үшін қалай өтті

Жұма, 12 Тамыз , 2016 19:06

Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарының алтыншы күні де артта қалды.
20160812072631

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Олимпиаданың алтыншы күні қазақ спортшылары үшін сәтсіз болды деуден аулақпыз. Алайда, әттеген-ай деген өкініштер де болды.

Бүгін Рио таңы қылаң бере қазақстандық спорт жанкүйерлері дзюдошы Максим Раковтың өнерін тамашалауға асықты.

Бұл балуанымыздан үміт күткендер көп еді. Қалайда үздік үштіктен көрінеді деп сенді. Ол алғашқы кездесуінде эстониялық Григорий Минашкинді жеңген де жеңіске деген сенімдері еселене түскені анық.

Өкінішке қарай, 1/8 финалда чехиялық Лукаш Крпалектен жеңіліп қалады деп ешкім ойлаған жоқ. Осы қарсыласын ұтса, ары қарай медальға бір табан жақындаймыз деп іштей жорамалдар жасадық.

Қос балуан ары-бері көп айқасты. Бір-бірін айқын басымдылықпен ұта алмады. Сол себепті мықтыны төрешінің ескертуі  анықтады. Ол қазақстандық балуанға сылбыр күресті деп бір ескерту жасады. Осы ескерту Максим Раковты Рио олимпиадасын аяқтауына әкеліп соқты.

Сонымен Қазақстаннан Рио олимпиадасына 6 спортшы ел намысын арқалап келген болатын. Бүгін Раков алтыншы болып, жарысқа шығып, дзюдошыларымыз Рио олимпиадасын аяқтады. Спорттың бұл түрінен 6 спортшы бір күміс, бір қола жеңіп алды. Жалпы бұл бір спорт түрінен алып қарағанда жаман көрсеткіш емес.

Сонымен қатар, бүгін Риода төрт бірдей боксшымыз шаршы алаңға көтерілді. Төртеуінің үшеуі қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды. Ал бір боксшымыз қарсыласынан ұтылып, жанкүйерлер қатарына қосылды.

Бүгінгі жарысты боксшылардан бірінші болып, 56 келі салмақта өнер көрсететін Қайрат Ералиев әзірбайжандық Джавид Челебиевтан айласын асырды. Есеп – 3:0.

Екінші шаршы алаңға көтерілген 64 келідегі боксшымыз Абылайхан Жүсіпов  британиялық Пат Маккормактан жеңілді.

Үшінші боксшымыз 69 келіге дейін салмақта жекпе-жекке шыққан ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов ұлыбританиялық Джош Келлиді ұтып, ширек финалға жолдама алды.

Қазақстандықтар үшін бүгінгі бокс кешінің шымылдығын Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов  жапты. Ол 1/8 финалда беларусь боксшысы Михаил Долголевецтан айласын асыра білді.

Сонымен Мырзағали Айтжанов баптап алып келген 10 боксшының үшеуі жарыстарын аяқтады. Енді жеті боксшы Рио олимпиадасындағы жемісті жолдарын ары қарай жалғастырады.

Сондай-ақ, бүгін Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 50 метрден пневматикалық винтовкадан оқ ату сайысында сынға түскен Елизавета Король финалға өтетін қажетті ұпайды жинай алмады. Ол іріктеу кезеңінде 575 ұпай жинап, 24-ші орынға табан тіреді.

Сонымен Қазақстан құрамасы бүгін жалпы командалық есепте кешегі орыннан бір сатыға төмен сырғып, 12-орында тұр.

Жіберіп алмаңыз:

Олимпиада: Үш боксшымыз жарысты әрі қарай жалғастырады

Баландиннің анасы: Ұлымның жеңісіне әлі сене алар емеспін

Германия Қазақстанды Олимпиада ойындарынан шеттетуді ұсынды

Жазира Жаппарқұл орысша сұхбат беруден бас тартты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар