Рио-2016: Олимпиадада бірінші “алтын” АҚШ-қа бұйырды
Олимпиада ойындарында 10 метрден пневматикалық винтовкадан атудан әйелдер арасында алғашқы медальдар сарапқа салынып, америкалық Вирджиния Трэшер Рио-2016 додасының бірінші “алтынын” иеленді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
АҚШ спортшысы 208,0 балл нәтижесімен олимпиадалық рекорд орнатып, еліне бірінші алтын жүлдені алып берді.
Екінші орыннан қытайлық Ду Ли (207,0) көрінсе, үшін орын да ҚХР спортшысы И Сылинге (185,4) бұйырды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 10 метрге пневматикалық винтовкамен ату бойынша әйелдер арасындағы іріктеу жарысында Қазақстан намысын қорғаған Елизавета Король 37-ші орын алған болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстан құрамасы Рио Олимпиадасының ашылу салтанатында жүріп өтті (видео)
Рио олимпиадасының ашылу салтанаты қандай тосын сыйлар дайындауда (фото)
Қазақстандық боксшылардың Олимпиададағы алғашқы қарсыластары белгілі болды
Қазақстандық дзюдошылардың Рио олимпиадасындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды