Қазақстандық дзюдошылардың Рио олимпиадасындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Жұма, 5 Тамыз , 2016 9:47

Рио олимпиадасына аттанған қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды.

5739603835da61463377976

Фото: kazpravda.kz

66 келіде Жансай Смағұлов бельгиялық Яипер Лефебермен кездеседі. Жансай Смағұловқа бұл спортшымен күресу таңсық емес. Олар соңғы рет Алматыда өткен Гран При турнирінде белдескен болатын.

Ал 73 келіде белдесетін Дидар Хамзаның қарсыласы Камбиядан келген Файа Нжие болды. 73 келідегі Файа Нжие – құрлықтық жолдаманың иегері.

100 келі бойынша Максим Раковтың бірінші айналымда қарсыласы жоқ. Екінші айналымдағы қарсыласы Еуропа құрлығына тиесілі жолдамамен келген эстониялық Григорий Минашкин.

Қазақстан қыздар құрамасынан Олимпиадаға екі дзюдошы қатысады. 48 келіде шығатын Отгонцэцэг Галбадрах жарысты екінші айналымнан бастайды. Алғашқы айналымдағы қарсыласы – Тасиана Лима (Гвинея-Бисау).

Құрлықтық жолдамамен Риоға аттанған 63 келідегі спортшымыз Мариан Урдабаева бірінші айналымда қытайлық Ян Цзюньсямен күреседі.

Естеріңізге сала кетсек, дзюдо сайыстары 6-12 тамыз аралығында өтеді. Қазақстандық Елдос Сметов (60 кг) пен Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг) жарысты 6 тамызда бастайды.

Бұған дейін біздің боксшылардың алғашқы қарсыластары туралы жарияланған. Ал “Қазақстан” және “Kazsport” телеарналарынан олимпиада ойындарының көрсетілімдерін тікелей эфирде тамашалауға мүмкіндік бар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар