Қазақстан құрамасы Рио Олимпиадасының ашылу салтанатында жүріп өтті (видео)

Сенбі, 6 Тамыз , 2016 7:51

Қазақстан құрамасы Рио Олимпиадасының ашылу салтанатында жүріп өтті. Спортшылар шеруін дәстүр бойынша, Грекия құрамасы бастады. Ал Қазақстан туын Олимпиада алқасына Қазақстан құрамасының үміті, таэквондошымыз Руслан Жаппаров көтеріп шықты.

image

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Руслан – жас спортшы. Олимпиада жолдамасын үстіміздегі жылдың сәуір айында Филиппинде өткен лицензиялық турнирде ұтып алған болатын. Ту ұстап шығу үшін Русланның таңдап алынуы жұртшылықты таң қалдырды. Дегенмен, Ұлттық Олимпиадалық комитеттің өз есебі бар: ұзаққа созылатын ашылу салтанатына жарысқа алғашқы күндерден қосылатын саңлақтарымызды қатыстырып, шаршатқысы келмейді.

Ашылу салтанаты кезінде ту ұстаушы 4-5 сағат бойы тік тұруы тиіс. Тіпті де оңай емес. Ал Руслан жарысқа 17 тамызда ғана қосылады. “Оған дейін шаршағаным басылып, жарысқа жақсылап әзірленіп үлгеремін”, – деген еді Русланның өзі. Әрине, біз ту ұстаушымызға ерекше тілектеспіз.

Жалпы шеру кезінде 200-ден астам елден келген 12 мыңға тарта спортшы мен команда өкілдері жүріп өтеді. Қатысушылар соңында барлығы бір-бір ағаштан отырғызып, олимпиадалық саябақтың көркеюіне үлес қосады.

Естеріңізге сала кетсек, 1996 жылғы Атланта және 2000 жылғы Сидней Олимпиадаларында – Қазақстанның туын боксшы Ермахан Ыбырайымов, 2004 жылғы Афины Олимпиадасында – дзюдошы Асхат Жіткеев, 2008 жылы Бейжіңде – ауыр атлет Бақыт Ахметов, ал 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында грек-рим палуаны Нұрмахан Тінәлиев алып шыққан еді. Жалпы, Рио Олимпиадасына Қазақстан намысын қорғауға 104 спортшы келіп отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Рио олимпиадасының ашылу салтанаты қандай тосын сыйлар дайындауда (фото)

Қазақстандық боксшылардың Олимпиададағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Қазақстандық дзюдошылардың Рио олимпиадасындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

“Қазақстан” және “Kazsport” телеарнасындағы Рио олимпиадасының көрсетілім кестесі

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар