Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“RinGo” тобы 10 жылдық туған күнін жұлдыздармен бірге атап өтті (фото, видео)

“Ringo world” продюсерлік орталығы өнердегі әріптестерінің басын қосып, концерталды кешін өткізді. Думанды жиынға қазақ эстрадасының жақсы-жайсаңдары түгел жиналды. Кеш барысында туған күнін атап өткен топ тек жанды дауыста ән айтып, ҚР халық әртістерін билетті.

14624845_268463673549677_3968604422077939712_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

2016 жыл қазақ эстрадасы үшін меретойларға толы болды. ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова 35 жылдық, атағы жер жарған «МұзАрт» тобы 15 жылдық, әнші Мәдина Сәдуақасова 20 жылдық, сол сияқты әнші ШаҺизада 30 жылдық мерейтойларын атап өтуде. Одан бөлек отандық шоу-бизнес әлемінде өзіндік орны мен адал жанкүйерін тапқан “RinGo” тобына да биыл 10 жыл толып отыр. Алуа Қонарованың «тұңғыштары» ертең жеке концерттерін өкізбек. Осы орайда топ өкілдері сахналас-әріптестерінің басын қосты.

RinGo-ның әуеніне ҚР халық әртісі Нағима Есқалиеваның өзі биледі. Бұл туралы ән кешінен видео жолдаған Әли Оқапов хабарлады. Ол да өнердегі ағаларының жолын қуып, осындай жетістікке жетсем деп армандайды.

Ал әйгілі “По берегу” әнін шырқаған топ сахнаға продюсерлері әрі “аналары” Алуа Қонарованы шақырды. 10 жылдық еңбегінің жемісін көріп отырған продюсердің көңілі босап, көзіне жас алды. Кешке жиналған эстрада жұлдыздары топқа қолдау көрсетіп, ертеңгі концерттерінің сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

Жіберіп алмаңыз: 

Қарағанды мен Жезқазғанда атышулы “Ninety one” тобының концерті өтпей қалды

Айықпас дертке шалдыққан қыз Адамбайға «Сәбинка келіннің» қуыршақ түрін жасап берді

Эстрада жұлдыздары плагиат әндерге қатысты өз ойларын айтты

Майғазиев: Алғаш көргенде Мәдина менімен амандаспай қоя ма деп қорықтым

 

 

 

 

Талқылау