Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

RinGo әншісі: Жұбайыма бір көргеннен ғашық болдым дей алмаймын

RinGo тобының солисі Аян Бірбаев жұбайы Айнұрмен Түркияның Бодрум қаласында танысқан. Топтастарымен бірге демалып жатқан әнші алғашқыда Айнұрға тек ақылды әрі ашық-жарқын бойжеткен ретінде қараған. Араға бірнеше жыл салып, екеуінің достығы, бір-біріне деген сыйластығы махаббатқа ұласқан.

АянАйнур_8

Бүгінде Аян мен Айнұрдың Әди есімді ұлдары бар. Аян жұбайының өте шыншыл әрі адал жан екенін айтса, Айнұр әншінің мейірімді, жұмсақ жүректі жан екенін атап өтті.

Бұл туралы “Гәкку” арнасының сайтында жазылды.

«2009-2012 жылдар аралығында жай араласып жүрдік. Алғашқыда өте қарапайым, ақылды әрі көңілді қыз болып көрінді. Бірақ бір көргеннен ғашық болып, махаббатым тасыған жоқ. Уақыт өте келе мінезін таныдым, күлімсіреп жүрсе де ақырындап өзінің айтқанын істететінін білдім. 2012 жылы парақшамды аштым. Сол кезде Айнұрдан дос болайық деген ұсыныс келді. Кездестік. Ол кезде де ешқандай ой болған жоқ. Келесі күні хабарласып, киноға шақырды. Сол кезде ғана ойлана бастадым. Сөйтіп келісімімді бердім. Айтуынша, кішкентай сіңлісі RinGo тобындағы Аянмен тілдескісі келген. Киноға шақыруына сол себеп болды деді. Бірақ Құдай біледі не себеп болғанын», – деді Аян ағынан жарылып.

Айнұр өзі физика-математика факультетін бітіргендіктен, болашақ жарының да техникалық мамандық иесі болады деп елестеткен. Ол Аянның жұмсақ мінезді болуына байланысты болашақ күйеуі ретінде елестете алмағанын айтты. Дәл осы себепті ол Аянның отбасылы болуға жасаған ұсынысына 3 рет «жоқ» деп жауап беріпті. «Ер кезегі үшке дейін» екенін жақсы білетін Аян содан кейін Айнұрға хабарласуды тоқтатқан. Бір жылға жуық уақыт артынан жүгірген әншіге Айнұр әбден үйренісіп қалса керек-ті, ақырында оған өзі хабарласқанын мойындады.

«8 ай бойы қасымнан қалған жоқ. Менің достарыммен бірге жүрді. Анаммен, аға-әпкелеріммен танысып алды. 8 айдың ішінде оған үйреніп қалғаным соншалық, жоқ болып кеткен кезде оның орнын басқа адаммен толтырғым келмейтінін түсіндім. Сөйтіп өзім хабарластым», – деп түсіндірді Айнұр.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева: Қыздарға секс жайында 15 жастан бастап айту керек

Ақбота Керімбекова өзі асырап-баққан күйеулері туралы айтып берді

Баян Есентаева күйеуін ренжіткенін мойындады

Дәулет Тұрлыхановтың есімін пайдаланған адам 91 тобы үшін Ерболат Беделханға сес көрсетті (видео)

Талқылау