Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Республикалық арулар интернет-байқауының кезекті қатысушысы анықталды

Республикалық Miss.kz интернет-байқауының кезекті финалисті де анықталды. Ол – астаналық Фариза Бекболатова сәуір айының сұлуы деген атақты ұтып алды. Алдағы жылдың қаңтар айында енді ол жобаның басты бәйгесі тәж бен 300 мың теңге жүлде үшін таласатын болады.

7c4784cbdedb8e388df2602c4cfca4e2

21 жастағы Фариза шығыс биімен, жеңіл атлетикамен айналысады екен. Негізгі мамандығы – архитектор, дизайнер. Бірақ, Фариза модель болуды армандайды. Көпшілікті сұлу дене бітімі, келбетімен тәнті етуге онда барлық мүмкіндіктер бар: оған осы айдың үздігі атануы да дәлел. Ол өткен айда барлық қарсыластарынан жоғары ұпай жинап көш бастады.

1cd7c2e102168ac2a9e4510441a6c4db

Шешуші сәтке дейін уақыт бар. Байқаудың ресми сайтына тіркелу тегін. Сайыста бақ сынау үшін бірнеше суретіңді жіберу жетіп жатыр.

Талқылау