Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресми сапармен келген Финляндия президенті Астананы роликпен аралады

Астанаға ресми сапармен келген Финляндия президенті Саули Ниинисте бірінші кезекте қала көшелерімен ролик тебуді жөн санапты.

2560955

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Құрметті қонақты Астана халықаралық әуежайынан энергетика министрі Қанат Бозымбаев, сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, Финляндиядағы Қазақстан елшісі Мұрат Нұртілеуов және оның фин әріптесі Илкка Райсанен күтіп алды.

Қонақүйге келіп киімін ауыстырған президент елорданың көрікті жерлерімен ролик тепкісі келген.

2561045

Құрметті қонақ алдағы күндері Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде. Сондай-ақ, ол ЭКСПО-дағы Финляндия күндеріне де қатыспақ.

Оқи отырыңыз:

Миллиардттарды игере алмаған қарамағындағылары үшін Сағынтаевқа ақталуға тура келді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен вице-премьер Асқар Мырзахметов сөзге келіп қалды

Келімбетов Әзірбайжан банкіне салынған қыруар қаржыны қайтаруға уәде етті

Шаханов үндемейтін депутаттарды Ырбигүл мен Жырбибайға теңеді

Талқылау